Қазақша күрес бойынша Чемпионатта жалпы командалық бірінші орынды Рудный қаласы полиция басқармасының қызметкерлері алды.
Жарыс «Динамо» ФСО базасында өтіп, Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеуге арналды.
Салмақ дәрежелері 66-дан 100 + килограмға дейін ұсынылды.
74 келі салмақта бірінші орынды Ғалымханов Жәнібек, үшінші орынды Бержан Тілек, 66 келі салмақта «күмісті» Марат Асхат алды.
Айта кетейік, кейбір спортшылар Рудный қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бажикбаев Әлім Маратұлының атынан номинациялармен марапатталды.
«Жеңіске деген жігері үшін» Рудный қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Марат Ахмет ие болды. «Үздік тастағаны үшін» ҰҚК қызметкері Есентаев Ерхан марапатталды. «Түйе балуан» – Арқалық қалалық полиция басқармасының қызметкері Сәбит Жан.
@up_rudnyi