Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың басшылығымен өңірдің қалалары мен аудандары әкімдерінің қатысуымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысы өтті
Пандемия басталғаннан бері Қостанай облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 52 мыңнан астам адамды құрады. Вакцинаның екінші компонентімен 340 мыңнан астам адам қамтылған.
⠀
Рудныйда бірінші компонентпен 55,8 мың адам, 2 компонентпен 53,3 мың адам вакцинацияланды. 10,5 мың адам қайта вакцинацияланды.
⠀
Pfizer препаратымен 1 024 адам вакцинацияланды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 827 адам. № 1 емхана вакцинацияланған балалар арасында смартфондардың тағы бір ұтыс ойынын өткізуді жоспарлап отыр.
⠀
Қалада «Ashyq» қосымшасын енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. QR-кодтарды 564 бизнес-объект немесе 101% тіркелді және алды.
⠀
Қала аумағында 5 егу пункті жұмыс істейді: № 1 және 2 емханаларда, Қашар ауруханасында, Ленин, 31 мекенжайы бойынша шағын емханада, және «Евразия»» медициналық орталығында (Парк, 49), мобильді егу пункттерінің шығуы ұйымдастырылды. Қалған вакциналардың барлық түрлері бар.
⠀
Халық арасында вакцинация және ревакцинация қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.