Рудныйдағы қалаішілік автобус тасымалын арзандатуға ССКӨБ 180 млн теңге бағыттайды

Рудныйда жолаушылар көлігін дотациялаудың пилоттық жобасы іске асырылып жатыр


Тұрғындарың қалалық бағыттар бойынша қызмет көрсету сапасына қатысты көптеген шағымдары осы жобаның қолға алынуына себеп болды. Жағдайды жақсарту үшін тасымалдаушыға жұмысқа деген жауапкершлігі үшін сыйақы беруге мүмкіндік беретін пилоттық жоба әзірленді. Қазіргі уақытта қалалық №2; 6; 7; 8; 8а; 10; 11 және 29 маршруттар бойынша қызмет көрсету сапасы бақыланады.

Автобустар 11-тармақ бойынша бағаланады, олардың негізгілері:

Салонның жағдайы (тазалық және оның косметикалық түрі, температуралық режимі);

қозғалыс жүйелілігі (жасалған рейстердің саны және қозғалыс кестесінің сақталуы тасымалдаушылар өз бетінше орнатқан GPS бергіштерінің көмегімен бақыланады — жоба қатысушыларына қойылатын маңызды талап).

Пилоттық жоба өткен жылдың қазан айында басталды. Егер бастапқы кезеңде 9 көлік қамтылса, ақпан айында жобаға 32 автобус қосылады. Қызмет көрсету сапасының талапқа сәйкес келуі үшін жоба басталғаннан бері оларға 23 млн. теңгеден астам дотация төленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *