Рудныйлық оқушылардың робототехника үйірмесіндегі жетістіктері

Бүгінгі таңда робототехника саласы ауқымды түрде кеңінен дамып келеді

Болашаққа жылжып келе жатқан жоғары технологиялар – ғарыш, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздік, қорғаныста және көптеген салаларда пайдаланылады. Бұл сала бойынша мамандар тапшылығы болмайтынын нақты айтуға болады. Себебі, осыған байланысты, қосымша білім беру ұйымдарында Робототехника үйірмелері жүргізіледі. Үйірмелерде оқушылар әлемдік робототехниканың жетістіктері және даму бағыттары туралы біледі, Лего-роботтарын құрастырады, бағдарлама жасайды және деректер моделін ойлап табады. Жастардың аталған саланы игеру үшін мүмкіндігінше жағдай жасалып отыр. Соған дәлел, Рудный қаласының №19 орта мектептебінің 10-сынып оқушысы Жақсымұрат Ерұлан Ақылбекұлымен сұхбат жүргізген едік.

  1. Роботехника саласына қалай келдіңіз?

-Осы оқу жылында, біздің мектебімізге жаңа мұғалім келген болатын. Оның робототехника саласы бойынша үлкен тәжірибесі бар, сондықтан мектебімізде робототехниканы дамытуды қолға алды. Секция ашып, оқушыларды шақырған болатын. Соның ішінде менің де қызығушылығым артып, жаңа саланы бағындырғым келді. Осылай робототехника саласымен таныстым.

  1. Бұл сала сізді немен қызықтырды?

-Біріншіден, мен үшін робототехника өте ерекше салалардың бірі болып табылады, себебі робототехника арқылы адам кез-келген затты құрастырып, оны өз пайдасына қолдана алады.

Ал екіншіден, робототехника — болашақтың саласы. Келешекте адам өмірінде үлкен рөл атқаратын салалардың бірі болады деп ойлаймын.

  1. Жаңа осы салаға қалай және қашан келгеніңізді айтып кеткен болатынсыз.  Сіздің ойыңызша, бұл сала біздің қалада дамып жатыр ма?Робототехника арқылы біз Рудный қаласын дамыта аламызба? Дамыта алатын болсақ, робототехника арқылы бізге қандай мүмкіндіктер ашылмақ?
    -Біздің қаламызда робототехника даму үстінде. Робототехника біздің тұрмысымызға енді еніп жатыр, сондықтан қазіргі қаламыздың жас ұрпақтары оны ары қарай алып кетеді деген сенімдемін.

Әрине дамыта аламыз. Тұрмыс-тіршілік, экология жағынан робототехника біздің қаламызға зор үлесін қосады және де ең бастысы құрылыс саласының дамуына үлкен септігін тигізеді. Басқа елдерде өзінің өзектілігін алып жатқан құрылысшы-роботтарды мысалға алсақ болады.

  1. Болашақта бұл саламен айналысуды жалғастырасызба?

-Менің болашақ мамандығым IT саласынан болғандықтан, робототехникамен жолдарымыз әлі талай қиылысады деген сенімдемін

Сонымен қатар, Еруланнан жетістіктері жайлы да сұраған болатынбыз. Қатысып жүргеніне көп уақыт болмаса да, қоржыныңда жинаған біраз жетістіктері барын жасырмады. Жақында ғана Қарағанды қаласында өткен RoboLand 2022 халықаралық сайысына барып, өз күшін сынап қайтқан болатынын да атап өтті. “Ол сайысқа Қазақстанның барлық елді-мекендерінен және шет елдерден тәжірибелі қатысушылар келген болатын. Робототехниканың жаңа қырларымен танысып, үлкен тәжірибе жинап қайттым” дейді.

Келешекте робототехника саласын жетік меңгерген ғалымдар көптеп шығып жатса, таңқаларлық жәйт емес. Өйткені, бүгінде қазақстандық жастар біршама белесті бағындырып жатыр. Еліміздің келешегі — жастардың қолында.

Зарина ЖҰМАҒҰЛОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *