Құрметті қала тұрғындары! Сіздерге 2023 жылы іске асыру үшін «Халық қатысатын бюджеті» жобасы шеңберінде 2022 жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүзеге асырылатын жобалық ұсыныстарды жинаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Осы жоба шеңберінде азаматтар Рудный қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ әкімшісі болып табылатын іс-шаралар бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.
Жобаның мақсаты — қалалықтардың бастамасы мен ұсыныстары бойынша қаланы дамыту және абаттандыру.
Өз ұсыныстарын Рудный қаласының кәмелетке толған барлық тұрғындары жібере алады. Өтінімдер Рудный қаласы әкімдігінің сайтында «Халық қатысатын бюджеті» бөлімінде орналастырылады. https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/bnu/222?lang=ru
Қала тұрғындарының жария дауыс беруі іске асырылатын жобаларды анықтайды.
Ұсынысты жіберу үшін өтінім – жобалық ұсынысты (жобаның атауын, оның сипаттамасын, рұқсат беру хаттамасы үшін жобаның қысқаша сипаттамасын, объектінің мекенжайын көрсету) толтыру, эскиз бен сметаны (бағдарлы болуы мүмкін), ағымдағы жай-күйдің фото суреттерін бекіту, қалауы бойынша презентацияны бекіту қажет. Осы бөлімде осы жобаның ережелері, үлгілік жобалық ұсыныс, жоба бойынша іс-шаралардың мерзімдері, Сараптамалық кеңестің құрамы көрсетіледі.
Рудный қаласының кәмелетке толған тұрғындары ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурста электрондық түрде жобаларға дауыс бере алады. Дауыс беру нәтижесі негізінде сараптамалық кеңес тиісті шешім шығарады. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланады. Рудный қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сараптамалық кеңесінің шешімі негізінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.
Жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысы, сондай-ақ олардың іске асырылу қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.
Жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен тұрғындар жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысуға және мониторинг жүргізуге құқылы.