Облыстық мешітте аудандар мен қалалардың имамдары бас қосты

Бұл жиында алдағы жұмыстар айқындалып, жаңа міндеттер берілді

Қостанай облыстық мешітінде аудандар мен қалалардың имамдары бас қосты. Бұл жиынды өңірдің Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жүргізіп, үстіміздегі жылы жүзеге асырылатын маңызды жұмыстарға кеңінен тоқталды, «Біздің Қостанай» газеті хабарлайды.

Мәселен, күллі мешіттерде өткен кезеңдегідей, жеті бағыт бойынша нақты әрі кезек күттірмес істер атқарылады. Осы бағыттардың ішінде «Діни білім және ғылым», «Уақып және қайырымдылық», «Діни оңалту» секілді қалың жұртшылыққа берері мол өзекті мәселелер бар.

-Жылдағы дәстүр бойынша өңіріміздегі имамдарға жан-жақты тапсырмалар берілді. Халықтың діни сауатын ашу жолында биылда қыруар жұмыстар жүзеге асырылады. Осы мақсатта мешіт қызметкерлері қолдарынан келгенше еңбек ететін болады,-дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Жиын барысында, Бахытбек Нұрғабылұлы әріптестеріне үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін, халыққа қызмет көрсетуде сергектік пен біліктілік танытулары қажеттігін, мешіттердің басқа да игі мақсаттағы жұмыстарын барынша жандандыру керектігін баса айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *