Рудный қаласы әкімдігінің алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың маңыздылығына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды, жобалық басқаруды және қоғамдық бірлестіктің қызметін түсіндіру» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның модераторы облыс әкімінің кеңесшісі Әлжанова Анжела Мұратқызы болды.
«Рудный қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» РММ және «Рудный қаласының полиция басқармасы» ММ қызметкерлерімен кездесудің басты мақсаты — халықтың құқық қорғау органдарына деген құқықтық санасы мен сенімін арттыру, сондай-ақ олардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік таныту. Іс-шараға «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы Павлин Петр Игоревич және Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы Қабдушев Диас Оралбекұлы қатысты.
Кездесуде мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуге, басшылардың дербес жауапкершілігін күшейтуге және әдеп ережелерін сақтауға байланысты мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, қоғамдық салаларда жүйелі негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі және оларды жою жөніндегі шаралар ұсынылды.
«Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою арқылы азаматтардың әл-ауқатын кешенді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыда әр аймақ үшін әлеуметтанулық зерттеулер, жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын талдау, қылмыстық істер және құқықтық статистика негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің карталары әзірленді. Бұл құралдар процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілерге немесе шенеуніктердің озбырлығына байланысты болуы мүмкін адамдарды толғандыратын мәселелерді анықтауға және тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлық және басқа да заң бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында облыстың аудандары мен қалаларына барумен бірлескен іс-шаралар жоспарланған,- дейді Анжела Мұратқызы.
2022 жылғы 2 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарының орындалуы жайында «Әділет жолы» ЖШҚ өкілі Әсет Мерейұлы атап өтті.
«Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, ол үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне бағытталған. Негізгі жұмыстардың бірі — шенеуніктердің негізсіз байыту жауапкершілігін енгізу. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесі күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қызметтің квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органы мен лауазымды тұлғаларынан тәуелсіздігін, оның директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есептілігін көздейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға түзетулер күшіне енді. 2022 жылғы шілдеден бастап агенттіктің және оның аумақтық органдарының қызметкерлері мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қатысты «Integrity Check» парасаттылығын тексеру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру желісі бойынша әртүрлі нысаналы топтармен (балалар мен жастар, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, бизнес-қоғамдастық) ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі үкіметтік іс-шаралар жоспары бекітілді,- деп толығырақ әрбір мәселелерге тоқталды.
Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жүйесіне байланысты сұрақтарына жауап алды.
Аякөз ҚОЖАБЕКОВА