Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 2023 жылға бекітілген кесте бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

«Рудный қаласы әкімінің аппараты» бас маманы Эльвира Журтанбаеваның айтуынша, әрбір ұйым қамтылған кезеңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрықты бекітеді және жұмыс тобын құрады.

«Талдау нәтижелері бойынша 31 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға қолайлы жағдайды жою бойынша ұсыныстар берілді», — дейді Эльвира Журтанбаева.

Сондай-ақ, Рудный қаласы әкімінің аппараты тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруда.

«Аталған жоба аясында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, азаматтықты қалыптастыруға, құқық бұзушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке, мемлекеттік саясаттың бағыттары, мемлекеттік бағдарламалар мен қолданыстағы заңнамалар туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — деп мәлімдеді Эльвира Журтанбаева.

Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексімен танысып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке жауапкершілік туралы ескертілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары толық көлемде жалғасуда.

Еске сала кетейік, елімізде Қылмыстық кодекске параны сұрағаны және талап еткені үшін қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін жаңа 366-2-бап енгізіледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған. Әзірге 17 шілдеге дейін құжат көпшілік талқылауда болады.

Зерде Жеңіс

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *