Жастарға серпіліс сыйлады

Қаламыздың қалалық мәдениет және демалыс саябағында жастар, әсіресе белсенді жастар тобы ұйымдастыруымен «Арбат шоу» атты іс-шаралар өте бастады. Балалар  қаладағылардың демалысын ұйымдастыруды өз бетінше шешіпті. Жақында Қашар кентінде шоу жасаған, алдағы уақытта Қостанай, Әуеликөл, Сарыкөлге баруды жоспарлап отыр.

«Арбат шоу» толығымен рудныйлық екі жас өерннің  бастамасымен пайда болды. Жабдықтарға, жарыстарға арналған сыйлықтарға және басқа да ұйымдастырушылық мәселелерге қаражатты өз «қалталарынан» шығарады. Шоудың аудиториясына келер болсақ, негізінен мектеп оқушылары мен студенттер көбірек келеді. Сонымен қатар шоу  аға ұрпақты да қызықтырады.

«Бізде жазғы уақытта концерттер мүлдем болмайды. Досым Әлихан Азархановпен бірге Рудный жастарын жинап, Алматы, Қостанай қалаларындай дискотека ұйымдастырайық деп ойладық. Мен өзім билемеймін, бірақ адамдардың билегенін ұнатамын. Біздің сценарий осылай құрастырылған еді. Егер адамдар қалыпты түрде келсе, біз рэп батл және т.б шоулар жасаймыз», — деді «Арбат Шоу» ұйымдастырушысы Нұрқасым Абдрахметов.

Тұрғындардың  айтуынша, қалада мұндай шаралар аз өткізіледі. Арбат шоу көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген. Жастар жазғы демалыстың ортасында көңіл көтеру мүмкіндігін жіберіп алмау үшін ұйымдастырушыларды белсенді қолдайды.

«Мен алғаш рет оқудан кейін келгенімде қала өте іш пыстырарлық болды. Осы тектес іс шаралар, менің ойымша, қала жағдайын оң жаққа өзгертеді. Сондықтан, көбірек ұйымдастырылса екен деймін. Жастар бір бірімен сайысып, би қыза түскенде, тіпті сабырлы адамдардың өзі шығып бидің түбін түсіргенде ерекше әсер аламын. Музыканттар да танымал әндерді қосады. Ең қызығы әуендер қазақ тілінде де орыс тілінде де қосылады», — деді Рудный тұрғыны Адилханова Рахиля

Жарқын эмоциялар, жаңа танысулар және ұмытылмас әсерлер — мұның бәрін «Арбат шоуында» көруге болады. Шара сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін қалалық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Нақты  қатып қалған уақыт жоқ. Ұйымдастырушылар іс-шара бола алдын өздерінің инстаграм желісіндегі парақшасында жариялайды.

Зерде Жеңіс

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *