Рудныйда «Тың-2023» ХХХVI облыстық жазғы спартакиадаға дайындық барысы талқыланды.
Жылдың ең ауқымды облыстық спартакиадасы басталатын уақыт алыс емес. Қала басшысы Виктор Ионенко спортшыларға сәттілік тілеп, финалға дайындықтарын сұрады. Биыл спартакиадаға қаламыздан 105 спортшы қатысып, қала намысын қорғамақ.
«Тын-Целина-2023» облыстық спартакиадасы 28 шілде күні Алтынсарин ауданында басталады. Жарыс қорытындысы спорттың 18 түрінен, оның ішінде командалық спорт түрлерінен шығарылатын болады. Президенттік көпсайыс, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, оқ ату сынды бес түрі бойынша жеңімпаздар анықталған. Нәтижесінде кенді қала шахматтан 2-орын, тоғызқұмалақ, үстел теннисі бойынша 4-орын, оқу ату мен Президенттік көпсайыстан 1-орынға ие болды.
«Рудный қаласы командасының құрамы 105 адамнан тұрады. Финалдық жарыстар спорттың 9 түрінен өтеді. Онда Рудный қаласы күрестің 4 түрін ұсынады: грек-рим, қазақ күресі, дзюдо, еркін күрес. Сондай-ақ баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика және гір спорт түрлерінен жарысады. Биыл полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен 3 автобуспен шығамыз: 50 орындық үлкен автобус және 18 орындық екі газель. Сонымен қатар командаларға қызмет көрсету үшін медициналық қызметкерді әкелу туралы шешім қабылданды», — деді Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ирина Бурнаева.
Спорт бөлімі басшысының айтуынша, «Тың» спартакиадасына баратын спортшылардың дайындығы да тың. Командалардың жеңіске ұмтылысы жоғары. Қазіргі уақытта Рудный қаласы командалық есепте 2 — орында тұр. Кездесуде қала әкімі Виктор Ионенко жаттықтырушылармен танысып, дайындықтарын сұрады. Сондай-ақ спортшылардың физикалық дайындығынан бөлек, көлікпен, тамақтандырумен, жатын орынмен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
«Бүгін біз делегация құрамаларының Спартакиадаға қатысуының алдын ала қорытындысын шығару мақсатында жиналдық. Бүгінде біз шешуді қажет ететін проблемалық мәселелерді анықтауымыз керек. Бұл – қаржыландыру, іріктеу кезеңдерінде не алдық, қандай орындарға ие болдық, алдын ала қорытындылау мәселелері», — деді қала басшысы Виктор Ионенко.
Айта кету керек, Рудный қаласының құрамасы 10 жылдан астам уақыт бойы спартакиаданың Күміс жүлдегері атағын жеңіп алып, жекпе-жекте Қостанай қаласының командасына жеңіліп келеді.Кездесуде Виктор Ионенко жақын арада қалада «Рудный» атты үлкен жазуы бар 50 орындық жаңа «Ютонг» автобусы пайда болатынын айтты. Жақын арада хоккейден облыс чемпионаты өтеді, менің ойымша, спортшылар мұндай жаңашылдыққа қуанар еді. Ал, әзірге спартакиада қатысушыларына сәттілік тілейміз.
Арай Марат