Заңдағы жаңашылдық – халық игілігі үшін

Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.

Заң сыртқа кеткен қыруар қаржымен қатар ел ішіндегі ірі нысандардың активтері, дүние-мүлкі мен төленбей қалған салықты қазынаға қайтаруды қарастырады. Құжаттың мақсаты – атауында белгіленгендей, заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару. Бұл жөніндегі Ардагерлер кеңесінің мүшесі «Заң барлығына ортақ әрі уақытында қабылданған» деп мәлімдеді.

«Кезінде орын алған келеңсіздіктермен жұмыс жасаудың тетіктері мен механизмі артып отыр. Ең бастысы бұл қаражат елге қайтарылып, ел экономикасына жұмыс жасау керек. Заңда айтылғандай  азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталады. Бұл заңның іс жүзінде асуы халықтың елге деген сенімін арттырып, сонымен бірге әлеміздегі адам капиталын дамыту жөніндегі жоспарларды іс жүзіне асырудың негізгі бағыты», — дейді Ардагерлер кеңесінің мүшесі Ғабдолла Ахметжанов.

Жаңа Заң еліміздегі қоғамның қатынастарындағы мәні мен маңызы ерекше. Әлемдік стандарттарға сай әзірленген Заңның тиімділігі сыртқа кеткен қаражатпен  қатар ел ішіндегі ірі нысандардың активтері,жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады. Яғни, елде жоғары саяси, мемлекеттік лауазымдарды атқарған шенеуніктер, олардың отбасы мүшелері, соның ішінде балалары, сондай-ақ, биліктегілермен байланысы болған олигархтардың дүние-мүлкі тексеріліп, олардың өз байлығын қаншалықты адал жиғаны анықталмақ.

Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн. АЕК-тен асатын (44 млрд. 850 млн. теңге немесе шамамен 100 млн. АҚШ доллары) активтері болуға тиіс.

Заңсыз иемделінген активтерді қайтару ерікті түрде немесе республиканың, шет мемлекеттердің сот актілері немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарының шешімдері негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Тексеріске іліккен тұлға төл активтерін немесе оның бір бөлігін заңды жолмен сатып алғанын дәлелдеуі шарт. Заңсыз иемденгендердің тізімі жабық болғанымен, активтерді қайтару процесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Ол үшін арнайы комиссия жұмыс істейді. Енді комиссия құрамына білікті мамандар мен  сарапшылар тартылуы тиіс.

Зерде Жеңіс

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *