«Жас геологтар» қоржынында екі орын!

Алматы облысындағы Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасынан жерлестеріміз жүлдемен оралды. Еліміздің әр облысынан келген 16 команда ішінен Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының жас геологтары тастардан макет жасау мен көрме ұйымдастырудан сурылып алға шықты.

Жалпы далалық олимпиада негізгі 7 кезеңнен жане қосымша 5 кезеңнен тұрады. Оған барлығы 200-дей оқушы қатысқан. Рудныйлық 8-11 сынып оқушыларынан құралған «Georud» командасы макет қорғау және жеп байлықтары бойынша көрмені ұйымдастырды. Олимпиадаға дайындықты оқушылар сәуір айынан бастапты.

«Команда капитаны Азамат Ахантаев мұнай жане газ бағыты бойынша олимпиада тапсырмаларын орындап, 200 балдың 178-ін жинады. Ал команда мүшесі, 8-сынып окушысы Алмат Балғабай шлихты сынау конкурсында озен жағасында шағын шараның ішіндегі құмдардың арасынан 10 штук өте ұсақ алтындарды шашып алмай, 20 минут ішінде сақтап қалып, 4 минуттың ішінде 25 балдын 23-ін жинады. Алғаш рет қатысқан оқушы үшін – бұл үлкен жетістік», — деді директордың ақпараттық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақсымбат Сқақ.

Сонымен қатар балалар геологиялық ескерткіш байқауына қаламыздағы Соколов-Сарыбай кен орнына арнайы сайт жасап, оны жоғары деңгейде қорғап шыққан. Бұл сайт арқылы оқушылар қаламыздағы кен байыту орнындағы жұмыс барысы, жаңалықтары жане қала мектептеріне байланысты басқа да ақпараттарды енгізді.

«Далалық олимпиадаға қатысу барысында окушылар компас арқылы бағыттарды анықтап жұмыс істеді. Пайдалы қазбаларды, минералдардың атауларын, түрлерін ажыратуды үйреніп, қауіпсіздік техникаларын меңгерді. Жалпы «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен 7 күн өте қызықты, әрі түрлі іс-шаралар мен экскурсияларға толы болды. Мысалы, 3-ші күні өткен «Мисс геолог» байқауына командамыздың 8-сынып оқушысы Дильназ Абдрахманова қатысты. Ол монолог оқып, сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, оқушылардың бойында геология мамандығына деген кызығушылыктары пайда болып, болашақ мамандықтарын тапты десек артық айтқанымыз емес», — деп бөлісті Ақсымбат Сқақ.

Мектеп ұжымы республикалық далалық олимпиадаға қатысу барысында қолдау көрсетіп, демеуші болған ERG компаниясына алғыстарын білдіреді. Енді олар келесі жылы халықаралық кезеңге қатысуға ниетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *