Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының Үкімет басындағы қайраткер Жалау Мыңбайұлына жазған хатынан үзінді беріп отырмын.
Оқыңыз. Түсініңіз.
Бүгін тағы да тіл деп зарлап отырмыз. Осы зар бақ болар ма, әлде сорымыз болар ма?!
«Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мен мүлде жоқ қылғысы келгенде де болды. Өлі де үшбақы болғып Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден естідім. (Байтұрсынұлы) деген кісіден естідім.
Енді қайтемін? Бұл мұңымды кімге айтамын, кімге шағамын!..
Менің ойлап-ойлап тапқаным – Жалау жолдас сен болдың. Сен өкімет басындағы ақсақалымыз едің. Сен нағыз қазатың бел баласы едің. Сен адырайған адай едің. Мұңымды мен жалғыз-ақ саған шағамын. Өзге кәмесиялардың көбіне сенбеймін. Олардан да жақсылық көріп жүргенім жоқ. Газетке арнаған сөздерін сусылдатып орысша жазады да шала-шарпы тілмәштарына аудартып жанымды шығара жаздайды. «Тасты жапалаққа ұрса да жапалақ өледі, жапалақты тасқа ұрса да жапалақ өледі» дегендей бәз баяғы менің сорым.
Жалаужан, мен саған жалынам, «Ауыл тілін» шығарамын, газетім нағыз ауыл тілімен, таза қазақ тілімен жазылады дегенде ішім жылып кетеді. Мұныңа тілектеспін. Жортқанда жолың болсын, жолдасың Маркс Ленин болсын, сенің не керегіңе мен дайынмын. Бірақ мені қорға, таза сақта, көрінген тілмәштарыңа тағы да қорға!
Азар коменес болып кетсең де ата-бабаң қазақ еді ғой, мен солардың тілі едім ғой не жазығым бар, ая мені!».
(с) Міржақып Дулатұлы. Суретте
Жалау Мыңбайұлы.
Елдос ТОҚТАРБАЙ