Кеншілер жасылдандыруды қолдайды

«ССКӨБ» және «Қашар кеніші» кәсіпорындарының қызметкерлері үшін маңызды шара – Қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтті. Бұл – тек экологтардың ғана емес, табиғат алдында өз жауапкершілігін түсінетін кез келген адамның мерекесі, деп хабарлайды Экспресс К.

Кәсіпорын өндірістік процестерді экологияландыруға ғана емес, әкімшілік ғимараттарда «Жасыл кеңсе» қағидасын дамытуға да айрықша көңіл бөледі. Ал сенбілік ұжымдық мәдениетті дамыту үшін аса маңызды жоба.

Кеншілер осындай тазалық шараларының арқасында үнемі өздері өмір сүріп жатқан қалаға, кенттің экологиялық жағдайын жасап жүр.

Соның жарқын бір мысалы – «Қашар кені» АҚ қызметкерлері Өтеген көлінің жағалауына санитарлық тазалық жүргізу акциясына белсене қатысты. Өкінішке қарай, жағалауға демалуға келген кейбір тұрғындар мен балықшылардың бәрі бірдей экологиялық мәдениетке мән бере бермейді. Отырған жерлерін темекі тұқылынан бастап, босаған құты-шөлмектер, тағам қалдықтарымен ластап кетеді.

– Бұл іс-шара қызметкерлердің жоғары экологиялық мәдениетінен және азаматтық жауапкершілігінен хабар береді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жұрт назарын аудару үшін жағалауды қоқыстан арылтып, жаз маусымына даярлауға шешім қабылдадық, – дейді кәсіпорынның инженер-экологы Юрий Конокпаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *