Қала инфрақұрылымы қалыпты дамуда

Әкімдіктегі аппараттық кеңесте құрылыс бөлімінің басшысы Дәурен Жәкенов Рудный қаласында құрылыс саласындағы жобалардыңағымдағы жай-күйі мен іске асырылуына шолу жасады. Ол өз сөзінде жұмыстың негізгі бағыттарын сипаттап, қала тұрғындарының инфрақұрылымы мен өмір сүру деңгейін жақсарту үшін осы жобаларды іске асырудың маңыздылығына баса назар аударды.

2024 жылы қаланың ең перспективалы шағын аудандарының бірі — 11-ші ауданда айтарлықтай құрылыс жоспарланған. Осы жоба аясында инфрақұрылымды жақсартуға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған нысандардың тұтас кешенін салу және пайдалануға беру жоспарлануда. Олардың ішінде: 900 орындық жайлы мектеп салу, дене шынықтыру-сауықтыру №1 және №2 кешен, жылумен,сумен және электрмен жабдықтау құрылысы, кәріз желілерін салу, ыңғайлы мектепке кірме жолдар салу және абаттандыру жұмыстары.

 -Басты жобалардың бірі 900 орындық заманауи жайлы мектептің құрылысы болмақ. Құны 5 миллиард теңгеден асатын объект «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен іске асырылатын болады, ал құрылыс жұмыстарын орындау «AntariumGroup» ЖШС компаниясына жүктеледі. Мектеп техниканың соңғы сөзімен жабдықталады және әртүрлі жас санаттарындағы білім алушылар үшін 900-ден астам орын ұсынады. Сонымен қатар, мектеп аумағында балалар мен жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететін спорт алаңдары, жүгіру жолы және ашық ойындарға арналған орындар құрылады,- деп атап өтті бөлім басшысы.

Сонымен қатар, жоба аясында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда. «ЭксклюзивСтрой» ЖШС компаниясы құрылыс бағдарламасының осы маңызды аспектісін іске асыратын болады. Бұл кешендер дене шынықтыру және спорт қызметтерінің кең спектрін ұсынады, соның ішінде баскетбол, волейбол және күрес бойынша оқу сабақтары, жаттығу және демалыс жабдықтары.

Білім беру және спорт объектілерімен бір мезгілде жайлы тұру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз желілері сияқты қажетті инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүзеге асырылатын болады.

 -Осы жылға арналған жоспар бойынша құрылыс бөлімі көп қабатты тұрғын үйлерді, инженерлік жүйелерді дамытуға және қала аудандарын газдандыруға бағытталған бірнеше маңызды жобаларды іске қосты. Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі 19 шағын ауданда көпқабатты тұрғын үйлер салу болды. Сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және канализация бойынша жұмыстарды жүргізетін мердігерлер жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Жобалау кезеңіне қаржыландыру облыстық бюджеттен қамтамасыз етілді, бұл жұмыстардың 2024 жылдың тамызына дейін тез аяқталуына кепілдік береді,- деп атап өтті Дәурен Талғатұлы.

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *