«Ғасырға жуық ғибрат ғұмыр»

Осындай атаумен Рудныйдың құрметті азаматы, кенші, жерлес ақын Қасымқайыр Дүйсенбайұлының өмір жолы және шығармашылығын таныстыру және насихаттау мақсатында «Рудныйдың ОКЖ» ММ мемлекеттік тілдегі кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен кездесу кеші өтті.

Қасымқайыр Қазыбайұлы Дүйсенбаев Сарыарқаның кең даласы, Шығыс Қазақстан облысында 1930 жылы желтоқсан айында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысына тура келіп, 11 жасынан еңбек майданына араласып, колхоз жұмыстарына көмек еткен. Соның дәлеліндей 1946 жылы 15 жасында «За доблестный труд в годы Велекой Отечественной Войны» медалімен марапатталған. Мектепті өте жақсы бағалармен бітіріп, Алматы тау-кен институтын тәмәмдап, инженер мамандығын алып шығады. 1956 жылдан бастап, Соколов Сарыбай кен байыту комбинатына жұмысқа орналасып, осы кен орнында 40 жыл бойы еңбек еткен. Жұмысқа білек сыбана кіріскен атамыз білікті, білімді мамандар қатарынан орын алады. Әуелгі он бес жылын Сарыбай кенішінің басқармасында тау-кен шебері бола білді. Кейіннен учаске бастығы, кеніштің бас инженері, бастығы қызметтерін өте жақсы басқарған. Ерекше еңбегін жоғары бағаланып, «Ленин» және «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдермен марапатталған.

Рудный қаласының іргетасын қалаушылардың бірі, артына өшпестей із қалдырған Қасымқайыр Қазыбайұлы жүрегінен асыл сөздер шығып, шынайы сезімдері өлеңдері арқылы өруді зейнетке шыққан кейін бастаған. Ақынның «Тарих тағдырынан үзінділер», «Өмір тағдыр құдіреті», «Туған күндер суреті»,«Жырларым менің» атты 4 өлеңдер жинағы және 2023 шыққан «Ғасырға жуық ғибрат ғұмыр» кітабы жарық көрді. Қазіргі таңда алтыншы туындысының шығару жолында еңбектеніп жүрмін дейді зейнеткер.

– Өндіріс орнындағы кездер, туған жерге, өскен ортаға деген сүйіспеншілік сынды тақырыптарды қозғаймын. Жалпы өлеңге тақырыпты қоғамдағы өгерістер мен жаңалықтардан аламын. Келесі жылы бұйырса 95 жасқа толсам, кезекті жыр жинағымды жариялаймын. Бұл ақындық қабілет бойымызда болса да, уақыт болмады. Зейнетке шыққан кейін бәрін жинақтап, дейін қойып жазуды қолға алдым. Зейнетақымды кітап басып шығаруға жұмсаймын. Жерлестеріме, дос-жарандармен жас ұрпаққа мұра болып қалсын деп кітапханаларға да табыстаймын. Ең бастысы қаламыздың тарихы өлең шумақтарында, жалпы кітап беттерінде қалса деген ниет, – дейді ардагер.

Жалпы осындай ұлағатты кездесулері ұйымдастыруда мемлекеттік тілдегі кітапхана ұжымы белсенді. Кеш барысында кітапхана меңгерушісі Гүлбараш Құттықожақызы кеш қонағының жасаған қызметіне, шығармашылық жолына тоқтала отырып, игі тілектерін білдірді.

– 1954 жылғы 14 мамырда Советтік  Социалистік Республикалар  Одағының  Министірлер  Кеңесі, Соколов-Сарыбай  кен байыту комбинатының жобасын  бекітіп, маусым  айында құрылыс  жұмысын бастауға рұқсат бергенді. Осыған орай, биылғы  мамыр айында ССКӨБ тің  70 жылдық  торқалы  той-мерекесі  болмақ. Әрине, бүгіндері  айта  салуға  оңай. Ал, иен далада темір жолды қойып, «Арба» жолы  да болмағанын  ескерсеңіздер, қиаметің-қиыны  осыдан   басталғанды,- деп  Рудный қаласының Құрметті азаматы Дүйсенбаев Қасымқайыр еліміздің  ауыр өндіріс саласына  жататын,  темір-кен  алыбы – ССКӨБ бірлестігінің  өркендеп-өсіп  даму тарихынан –  шолуды ұсынды.

ОСЫ ЖҰРТ,
КЕНШІЛЕРДІ
БІЛЕ МЕ ЕКЕН?!

Болғанды, бір оқиға —

аңызға тең.

Барлаушы — геологтар

өмірінен.

Тұрыпты Аят-өзен

жағасында,

Мамандар жер астынан,

кен іздеген.

 

 Бұрғылап «керін»

алып, жерді тескен.

 Жыл бойы,

күндіз-түні «ерінбестен».

 Тіршілік — аспан жолы,

«ПО -2» мен,

 Тікелей байланысты,

өмір кешкен.

 

 Бір жолы Қостанайға

жұмыспенен,

 Ұшыпты Сарыбайдың

үстіменен.

 Ұшқышы «ПО-2» –

Сургутанов М,

 Байқапты «компас тілін» дірілдеген.

 

 Бұл деген,

магнитті темір кеннің,

 Компасқа әсері еді

мол қорының.

 Осылай ашқан еді

Сарыбайдай,

 Миллиард тоннадай,

кеннің қорын.

 

 Осының дәлеліндей

аңыздағы,

 Шындыққа айналғанды,

мағыналы.

 Атанды бір топ

геолог-мамандары,

 «Лениндік» сыйлығының

лауреаты

 

 Ол кезде темір жол жоқ, кара жолда.

 Жарық жоқ, іс бітерме

қараңғыда.

 Бұл деген бар мен жоқтың күресі еді,

 Жеңгеміз, еңбек-ерлік

додасында!

 

 Тіркелген тракторлар

 шынжырменен,

 Жасалған ағаш-шана

бөренеден.

 Арналған «тепловозды»

тиеп алып,

 Бұл жерге, Қостанайдан

сүйреп келген.

 

 Бұл деген, жасампаздық

үлгісі еді.

 Иен дала, шалғайдағы

тұрмыс еді.

 Дауыл ды, аязға

да қарамастан,

 Бар мақсат,

«Пойызды» іске қосуда еді.

 

 Біртіндеп, іске

қостық «Тоқ» беретін,

 Қондырғы, «Энергопойыз» тіркемесін.

 Қозғалды бар

тіршілік, жүйелері,

 Электр қуатымен

«жүр» деген соң!

 

 Осылай басталғанды

еңбек жолы.

 Жетпіс жыл

жалғасуда содан бері.

 Бұл деген кеншілердің

тағдыры еді,

 Куәгер болды емес пе,

Елдің өзі?!

 Байырғы, ғажап еді-ау

абиғаты.

 Ақ көде толқындарын,

жел қуады.

 Айнала шексіз дала,

аспан шаңырақ

 «Кұс жолын» білмегендер

«адасқанды».

 

 Осы жұрт,

кеншілерді білеме екен?

 Олар кім, қайда-қалай

жүреді екен?

 Білмесе мен

айтайын, қайтпас-қайсар

 Мамандық бар

екенін, «Кенші» деген.

 

 Кен байлық: алтын,

күміс, теміріңде,

 Мұнай, газ, отқа

жағар көміріңде,

 Бәрі де, жер байлығы –

ел байлығы,

 Игеру, кеншілердің

еншісінде!

 

 Барлаушы- кен байлығын

табатұғын.

 Кеншілер — сол байлықты

қазатұғын.

 Шығарып жер бетіне,

өңдеп-өлшөп,

 Халқының қазынасына

салатұғын.

 

 Кеншілік мамандығы,

ердің ісі.

 Кез-келген бола алмайды,

кенші кісі.

 Жұмысы өте-ауыр,

қауіпті де,

 Сыналар нағыз

ердің – өжеттігі.

 

 Қаңтардың ессіз-дүлей

дауылы да,

 Шілденің аптап

ыстық жалыны да,

 Оларға жыл мезгілі

бәрі бірдей,

 Найзағай, күркіреген

жауыны да,

 

 Шахтаға таң атқан мен, күн түспейді

 Кеншілер бұдан қорқып,

іркілмейді.

 Осылай табиғаттың

дүлей күшін,

 Өзіне бағындырар ердің ісі.

 

 Бұрғылап жер жынысын,

жарғыш салып,

 Бөлшектеп, ықшамдайды

бөліп-жарып,

 Келгенде Электровоз,

Белаздарың,

 Жүктейді, эксковатор

деген «алып».

 

 Жүздеген метр бойлап

тереңдігі.

 Тасаға тығылғандай

кеннің коры.

 Шығару сол

байлықты жер бетіне,

 Қиыны – қияметтің,

сонда еді.

 

 Сарыбай кенішінде

қатар салған.

 Арнайы «Тоннелі бар —

ылдиланған».

 Мақсаты тереңдегі

жер жынысын

 Шығару темір

жолмен- «тәсіл» арзан.

 

 Содан да, алуан-түрлі

тәсілдермен,

 Айласын асыра біліп,

бәрін жеңген.

 Осының дәлеліндей

кеншілердің,

 Табысы жылдан-жылға

еселенген!

 

 Соколов-Сарыбайдай

өндірісті,

 Естіген шығарсыздар,

темір кенді.

 Халайық, кенші деген

осы халық,

Табысы темірдей бай —

несібелі!

 

 Ақиқат, содан бері

кеншілерде,

 Екінші «Миллиардты тн»

еңсеруде.

 Қалайша ерлігіне

 таңданбассың?!

 Қаратас қатыпқалған,

бас игенде !

 

 Бәрі-бір кеншілерге қыс па,

жаз ба.

 Жарығы аспандағы күн бе,

ай ма.

 Күні бұлт, ай қараңқы

болса дағы,

 Оларға, жеткілікті

«маңдай шам да».

 

 Қорғанбай аптап-ыстық

күніңнен де

 Шошымай қап-қараңқы

түніңнен де.

 Кеншілер кен байлығын

алып жатыр,

 Табыстың, қалған

емес бірінен де.

 

 Осындай, нағыз кенші

ғаламаты.

 Бірдей-ақ жердің

беті, жердің асты.

 Сараптап, жер-жынысын меңгеруде,

 Инженер – кеншілердей

Азаматы!

 

 Кеншілік — кен қазудың мамандығы.

 «Жер дәні — кен байлығы»

алатыны.

 Қажымас, қайтпас-

қайсар еңбегімен,

 Халқының әр-қашанда

қалаулысы!

 

 Басында, Социализм

дәуірі еді.

Дамыған, еңселі ел қауым еді.

 Қашанда дағдарыстан

алып шыққан,

 Кен байлық — ел ырысы

«сауыны» еді!

 

 Ол кезде, СССР ге

бодан едік.

 Бір тұтас — бар СНГ

одақ едік.

Ал бүгін, Егеменді – ел атанып,

 Тәуелсіз, әркім-жеке

«қожа» болдық!

 

 Баршамыз, еңбек

жолын ұстанғанбыз.

 Қаншама «Еңбек

ерін» ұлықтағанбыз.

 Көп еді-ау «Лауреаттар»

да өз ісінің,

 Бәріне қолдау жасап

құптағанбыз.

 

 Мен дағы, «Еңбек ері»

болмағанмен,

 Соларға жақындадым,

озбағанмен.

 Еліме «Еңбегі сіңген

кенші» атанып,

 «Ленин»бар, «жұлдызшасы» болмағанмен.

 

 Кеншілер жеңісі мен

рухтанғанды.

 Еңбегі жерді қазып,

тас жарғанды

 Табыстың, қайнағанда

«тай қазаны»,

 Көргендер, ерлік ісін

мойындағанды!

 

 Қанша жыл, содан бері

аз ба, көп пе?

 Көңіл хош, бұл тағдырға

жоқ қой өкпе.

 Әмбебап — заманауи

қала салып,

 Тұрағым — мекенім

деп, Туын тіксе!

 

 Рудный – кеншілердің

жас қаласы.

 Жүз мыңнан асып

кетті жан баласы.

 Кешегі арман қала,

бүгіндері,

 Әмбебап, кеншілердің

бас панасы!

 

 Халайық, еске алайық

өткендерді!

 Аянбай, маңдай

терін төккендерді.

 Істерін, үлгі тұтып

кеткендердің,

 Арттағы ұрпақтары

жалғастырды!

 

 Бұл өңір жәйләу еді-ау,

жадыраған.

 Жағалай өзен-көлін,

ел жәйлаған.

 Кен қазып, қала салып,

отын жағып,

 Қыстауға айналарын,

кім ойлаған.

 

 Бұл біздің, кенбайыту

комбинаты.

 Салғанбыз, құрастырып

жоқтан барды.

 Жастық шақ, күш-жігерді сарқа жұмсап,

 Ақтадық инженер

деп, берген атты!

 

 Қостанай – темір кеннің

 қазынасы.

 Халқымның несібелі — бай

мұрасы.

 Темірден құрыш құйып,

болат алып,

 Елімнің түгенделді,

бар мұқтажы!

 

 Сен менің, ұстахана —

өндірісім.

 Атқарғам, аянбастан

ердің ісін.

 Көнгенмін қиындыққа,

жеңгенмін де,

 Қырық жыл, еңбек еттім

Елім үшін!

 

 Ақиқат, жалғаны жоқ

ала-бөтен.

 Инжерер — кеншілерді

мақтан етем.

 Өмірді қайта бастап,

таңда десе,

 Тағы да, кеншілікті —

маман етем!

 

 Халайық, құттықтайық

кеншілерді!

 Жер қазып, еңбек

терін төккендерді!

 Жетпіс жыл, темір кенін —

қазыналап,

 Еншілеп — ел байлығы

еткендерді!

Кеш барысын «Кездесу»клубының әншілері Шәмшия Қайыркенова, Данагүл Серікбаева ақының сөзіне жазылған және дәстүрлі әндерді орындап, А.Байтұрсынов атындағы №19 мектептің оқушылары күй тартып, өлеңдерін оқып жалғады.

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *