Қостанайда БАҚ қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында дәстүрге айналған өңірлік медиафорум өтті. Биылғы жиын қазақ журналистикасының атасы Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығымен байланыстырылды
Арнайы шақырылған спикерлер салаға қатысты мәселелерді көтеріп, ойларын ортаға салды. Аймақтық басылымдармен, радио, телеарналардың халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, қоғамдық пікір қалыптастырудағы маңызы зор. Оны әлеуметтік зерттеу нәтижесі де көрсетіп отыр. Жергілікті тұрғындардың БАҚ-қа деген сенім көрсеткіші 87 процентті құрайды екен.
Пленарлық мәжілісте «Rýdnyi media» ЖШС директоры Кенжеш Аманова да «Қазіргі заман жағдайындағы өңірлік БАҚ-тардың дамуы» тақырыбында келесі сөз қозғады. Осы орайда, тәжірибелі тележурналист, білікті басшы Рудный қалалық мәслихатының депутаты Кенжеш Оразғалиқызын сұхбатқа тартқан едік.
«Rýdnyi media» ЖШС аз ғана уақыт аралығында өңірдің медикеңістігінде танымалдылығын арттыра түсті. Билік пен халықтың «алтын көпірі» саналатын сіз басқарып отырған ұжым бұл жетістікке қалай жетті?
«Рудненский рабочий» газеті мен «Рудный дауысы» ТРК 2015 жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істеп келген болатын, Ал 2021 жылы Рудныйлық медиахолдинг түгелдей жекеменшікке өтті.
«Rýdnyi media» ЖШС үш редакциядан тұрады: «Рудненский рабочий» газеті, «Рудный дауысы» телевизиясы мен радиосы. Көптеген жылдар бойы барлық редакциялар билік органдары мен қоғам, мемлекеттік құрылымдар мен қала тұрғындары арасында жолсерік бола отырып, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыс істейміз.
Негізгі қалалық БАҚ ретінде біз қала өмірін мейлінше көрсетуге, құрылыс, өндірістік кәсіпорындардың, әлеуметтік және мәдени салалардың қызметін қамтып, шынайы, әрі жедел ақпарат таратып келеміз. Бірақ редакция үшін қала тұрғындары – жастар, өндіріс қызметкерлері, ақсақалдар бірінші кезекте болды және солай болып қала береді.
2022 – Рудный қаласы мен медиа-холдинг ұжымы үшін ерекше жыл. Өйткені қаламыз 65 жылдық мерейтойын атап өтсе, ұжымымыз ширек ғасырлық межені бағындырып отыр. Айта кетерлігі, «Рудненский рабочий» газетінің алғашқы нөмірі (ол кезде ол «Знамя Октября» деп аталған) 1957 жылы 1 желтоқсанда жарық көрді.
«Rýdnyi media» ЖШС барлық жарияланымдары rydnyimedia.kz сайтында жедел орналастырылады. Сондай-ақ, мұнда Қазақстан мен Қостанай облысының жаңалықтар легі де ұсынылған. Сайтымыз облыстағы мемлекеттік және орыс тілдерінде материалдар жарияланатын санаулы ақпараттық ресурстардың бірі.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілер жаңа аудиторияны тартудың таптырмайтын құралы болып табылады: атап айтқанда, @rudnyidauysy Instagram парақшасында жазылушылар саны бүгінде 12 мыңнан астам адамды құрайды. Олардың 80 пайызы рудныйлықтар.
Медиахолдинг тұрғындарға газет, телеарнамен қатар радио өнімдерін де ұсынып келеді.
Қазіргі таңда журналист кадрлар мәселесі қалай шешілуде. Шағын қалаға жас мамандарды қалай тартып жатырсыздар?
Өңірлік, қазақстандық БАҚ-тардың кадрлық «аштықты» сезінетінін айтпау мүмкін емес: газеттер мен әлеуметтік желілер журналистерді, бейнетүсірілім операторларын, монтажерлерді жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруларға толы.
Бұл жерде біріккен редакциялардың холдингтегі рөлін атап өтпеске болмайды. Бұл қызметкерлердің өзара алмасуын қамтамасыз етуге, мүмкін болса, басқа редакцияларда қосымша жұмыстарды қамти отырып, оларға лайықты жалақы беруге мүмкіндік туғызады.
Жұмыс тиімділігін арттыру және қызметкерлерді еңбекке ынталандыру біздің компаниямыздың басты міндеттерінің бірі. Қызметкерлерді лайықты материалдық ынталандырудың арқасында қазіргі уақытта бізде кәсіби білімі мен тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Дегенмен компанияда 10-15 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан негізгі «тірек» бар.
БАҚ қызметкерлерінің еңбек нарығындағы сұраныс ұсыныстан асып түседі. Сондықтан әлеуетті қызметкерлерге қойылатын талаптар да азаяды: жұмыс тәжірибесі міндетті емес, жоғары білімнің болуы да мүмкін. Өйткені редакциялар өз мамандарын өздері оқытып, «өсіруге» дайын.
Біздің елімізде журналистерді дайындайтын 20-дан астам кафедралар мен бірнеше факультеттер бар. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Журналистика» мамандығы 1996 жылы ашылған, ал 1999 жылдың қыркүйегінен бастап ол дербес журналистика факультеті ретінде жұмыс істейді. Бізде журналистерді даярлау бойынша үлкен нарық қалыптасты деуге болады.
Алайда, БАҚ саласындағы кадрлық аштық өзектілігін жоғалтпайды.
Биліктегі ағаларымыз, халық қалаулылары, қоғам белсенділері соңғы уақыттары БАҚ қызметкерлерін жан-жақты қолдау, жалақыларын өсіру, мәртебесін анықтау мәселелерін көтеруде. Сіздің ойыңыз?
Биыл «Қазақстан Республикасындағы БАҚ туралы» жаңа заң қабылданады деп күтілуде. Көптеген тәжірибелі журналистер бұл қадамды Үкіметтен күтті, өйткені БАҚ жұмысында бүгінгі күннің шындығын ескеру қажет. Аймақтық БАҚ жаңа заңнан не күтеді?
Менің ойымша, барлық әріптестер үшін сияқты, журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіруге тыйым салатын бап бойынша жазаның қатаңдатылуы маңызды. Мемлекеттік органдар журналистердің сауалдарына жедел әрі сапалы, толық жауап беруі үшін журналистер мен мемлекеттік органдардың міндеттерін теңдестіру қажет. Сондай-ақ, кейбір сарапшылар медиа саласындағы көптеген мәселелерді мамандықтың стандарттары мен мүдделерін қорғайтын Журналистер одағы шеше алады деген ой айтты.
Сұхбаттасқан Айдын АСҚАР
газета «Рудненский рабочий»