Басты мақсат – аймақтағы браконьерлік пен биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу. Жедел профилактикалық іс-шара 29 ақпанға дейін өтеді.
— 20 күн ішінде 1642 рейд жүргізілді және оның 355-і табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдастырылды, — деді Қостанай облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы Ғазретғали ӘЛІМҒАЗИН. – Рейдтік іс-шаралар барысында 2 қылмыстық және 140 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
1 млн 107 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар салынды