Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың басшылығымен қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте айтылды
Алғашқылардың қатарында аймақтағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қарастырылды.
Қостанай облысы «жасыл» аймақта орналасқан. 2020 жылдан бері барлығы 56 мыңнан астам жағдай тіркелген. Осы жылдың қараша айында коронавирустық инфекцияның 48 жағдайы тіркелді, желтоқсанда 88 жағдай тіркелді. Аурудың өсуі байқалады.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 25.03.2022 жылғы № 16 қаулысына сәйкес медициналық ұйымдар мен медициналық-санитарлық мекемелерде міндетті түрде медициналық бетперде кию талап етіледі, халық көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көліктерде және ұйымдасқан ұжымдарда медициналық бетперде қолдану ұсынылады.
Қостанай облысында вакцинаның бірінші дозасы 360 мыңнан астам адамға егілді, екінші компоненті 352 мың адамға егілді. Ревакцинациямен 159 мыңнан астам адам қамтылды. Қайта ревакцинациядан 37 мың адам өтті. Облыста вакциналардың қажетті қоры бар.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация және ревакцинация бойынша халықпен жұмысты күшейту тапсырылды.
Сондай-ақ, кейбір мәселелердің орындалу барысы, атап айтқанда Ауыл шаруашылығын дамыту перспективалары, жолдарды жөндеу, облыс аудандарында қазандық салу, медицина қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алу, тұрғын үйлерді қалпына келтіру және т.б. мәселелер қаралды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов азық-түлік бағасын бақылауға алуды тапсырды. Осы мақсатта өңірлерде мониторингтік топтар, оның ішінде Рудныйда да жұмыс істейтін болады.