Әкім кубогы кімге бұйырды?

Рудныйда тамаша дәстүрге айналған жайдарман фестивалі өтті. Әзілкештер сайысына аймақ бойынша 8 команда қатысып, қазылар алқасы ең тапқырын анықтады. Бұл жолы сарапқа Рудный қаласы әкімінің арнайы кубогы мен ақшалай сыйлықтар салынды.

Өткен жұма күні Жастар ресурстық орталығының концерт залы әзілсүйер жастарға лық толы болды. Көңілді тапқырлар сайысын Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі тапсырысы аясында «Жайдарлы жастар» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Әкім кубогы үшін таласқа түскендердің қатарында Қашар кенті, Қостанай, Арқалық пен Рудный қаласының жайдарманшылары бар.

– Біз №19 орта мектептің намысын қорған жүрген командамыз. Маусымашардан бері 1/8, ширек және жартылай финал ойындарын сәтті өткізіп финалға жетіп отырмыз. Бүгін әдеттегіден ерекше ойын үлгісін көрсетпекпіз. Көрермендердің көңілінен шығу үшін стилімізге өзгеріс енгіздік, – дейді «Ақ пен қара» құрамасының ойыншысы Гауһар Жәукебай.

Жас жайдарманшыларға Асық ату спортынан Азия чемпионы Мариям Алиева, «Ахмет Ұрпақтары» пікір сайыс клубының президенті Мұратхан Шуйншибаев, Қостанай КВН филиалының директоры Марғұлан Бәкір, Рудныйдың белді асабасы Мұқағали Малқаждаров, «Рудный медиа» медиахолдингінің бас редакторы Жанар Ахметова және Жоғары лигада ойнайтын «Рудный құрамасының» капитаны Қазыбек Нұрғожин қазылық етті.

Ойын қорытындысы бойынша 3-орын Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының «All star» командасына, 2-орын Арқалық қаласынан келген «Элита Эвентос» командасы және № 19 мектептің «Ақ пен қара» командасына бұйырды. Ал «Тұмар» және «Есте сақта» командалары ең үздік деп танылып, бас жүлдені иеленді. Командалық көрсеткіштен бөлек, жеке шеберлігімен көзге түсіп, «Үздік ойыншы» деген атаққа лайық жайдарманшы да анықталды. Ол «Элита Эвентос» командасының мүшесі Нұрлыбай есімді жайдарманшы.

Арай МАРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *