«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары жалғасуда

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Рудный қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралар белсенді жүргізілуде. Полиция басқармасы ұйымдастырған бұл іс-шаралар көшелерде, қоғамдық орындарда және маңызды әкімшілік орындарда қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

«Полиция қызметкерлері басқа қызметтік органдармен тығыз байланыста. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы кезеңде белсенді жұмыс атқарудамыз. Осы аптада учаскелік контингент пробация қызметінің қызметкерлерімен бірге тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді.  Іс-шараның негізгі бағыттары қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейту, вандализмнің, ұсақ бұзақылықтың және жол қауіпсіздігін бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады»,-дейді участкелік инспектор, полиция аға лейтенанты Данияр Дуамбеков.

Полицейлер тек елді мекендерді патрульдеумен ғана шектелмейді, сондай-ақ елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді және тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын адамдарды бақылауға назар аударады. Іс-шараны өткізудің маңызды аспектісі полиция қызметінің негізіне айналатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидаты болып табылады. Өз кезегінде полиция департаменті барлық азаматтарды қырағы болуға және құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда дереу «102» жедел арнасына хабарлауға шақырады.

Осылайша, полицияның бірлескен күш-жігерінің арқасында қалада жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жалғасуда.

ГҮЛІМ МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *