Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендету жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 б.т. дәлізімен жылдық 15,25% дейін төмендету туралы шешім қабылдады», — делінген банктің хабарламасында.

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, былтыр жылдық инфляция бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция өткен жылы желтоқсанда орташа жылдық мөлшерден біршама жоғары болды.

Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда.

Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр.

Еске сала кетейік, Ұлттық банк өткен жылы 24 қарашада базалық ставканы 15,75%-ға төмендеткен еді.

KAZINFORM

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *