Алаш өнерінің жарқын мезеті

Жұмат Шанин – Алаш оқығаны, ұлт-азаттық қозғалысының ниеттесі. Алғашқы қазақ театр режиссері

Жұмат ағаның кәсіби режиссер ретінде қалыптасуына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ықпалы зор. «Әдебиет танытқыш»
теориялық еңбегін жазған ұлт ұстазы әр нәрсеге талғам мәдениетімен қарайтын-ды. Оның әнші Әміре Қашаубайұлына, режиссер Жұмат Шанинге қойған көркем эстетикалық талабы зор-тын.

Репрессия құрбаны болған Жұмат Шанин Алаш өнерінің жарқын мезетінде шоқжұлдыздай жанып, сәулесін молынан төккен
зиялы болатын.

Зерттеуші Серікбол Хасан әріптесім: «профессор Тұрсынбек Кәкішұлы айтқандай, 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндік «қазақ мәдениетін, Қазақ елін, қазақ халқын әлемге танытудың алғашқы бастамасы» болды. Онкүндік жоғары деңгейде өткеннен кейін орталық қазақ мәдениетін дамытуға қаржы бөле бастады…»

Суретте режиссер, драматург, Қазақ мемлекеттік музыкалық театрының жетекшісі Жұмат Шаниннің Чеховтың әйелі, актриса Ольга Книпперден гүл алып тұрған сәті. Мәскеу, 1936 жыл. Суретке қарап, Алаш зиялысының қандай мәдениетті болғанын байқаймыз.

Елдос ТОҚТАРБАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *