Басты міндет – ауаны ластамау

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Рудныйдың Жылуэлектр орталығына атбасын тіреп, «ССКӨБ» пен «Қашары кені» акционерлік қоғамдарының экожобаларымен танысты. Бұл туралы компанияның корпоративтік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Кәсіпорын бүгінде ERG-дің Экологиялық стратегиясын кезең-кезеңімен тиянақты іске асырып келеді. Ондағы негізгі міндеттердің бірі – ауаға ластаушы шығарындылар көлемін азайту. Бұл көрсеткіште Топ еуропалық нормаларға қол жеткізуге ұмтылады.

Ауқымды стратегия аясында №1 және №3 қазандық агрегаттарын қайта құру ісі қолға алынған. Жұмыс жоспары 2027 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Кәсіпорында жоспарланған ауқымды бастаманың бірі – Қашар жылу орталығының жұмысын көмірден газға көшіру. Кешенді жұмыс 2023 жылы толық аяқталуы тиіс.

– ERG компаниясы қоршаған ортаға шығарындылар көлемін азайту қамына қомақты инвестиция құйып отыр.  Ойға алған жоспарларды орындау нәтижесінде ЖЭО мамандары еуропалық нормаларға жете аларына сенімдімін. Бұл жақсы мәлімдеме. Нәтиже күтеміз, – деді Зұлфұхар Жолдасов.

Жалпы айтсақ, алдағы 10 жылда шығарындыларды азайтуға бағытталған жобаларға 22 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Инвестицияның басым бөлігі келесі бағыттарға жұмсалады:

1.ЖЭО күл қармаушы қондырғыларын алмастыру;

  1. Қашар жылу орталығының жұмысын көмірден газға көшіру;
  2. Газтәрізді заттарды тазартудың кен алыбында қолданылуы мүмкін технологияларын бағалау қамында зерттеулер жүргізу;
  3. Кенжарларға шаңды басу-суару машиналарын сатып алу;
  4. Аспирациялық жабдықтарды алмастыру;

6.Шығарынды көздеріне автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату;

  1. Көгалдандыру. Жоғарыда аталған жобалар жүзеге асырылғанда, 2021 жылмен салыстырғанда шығарындылар көлемі 21% азайды деп күтілуде.

Айдын АСҚАР

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *