Ұлтшылдық сезімін өршітті…

1969 жылы Ілияс Есенберлин ағамыз қазақ қоғамын дүрсілкіндірді. Алаш рухын оятты. Кенесары хан туралы романы шықты.

Жұрт өткенін іздей бастады. Сол уақытта коммунистер Есенберлинді құртуға барын салды. Ал бұл роман Димаш аға Қонаевтың арқасында қиылмай, бір сөзі кесілмей сол қалпында басылған болатын. Енді Сәбит Мұқановтың Мәскеуге жазған пікірін оқиық:

«Есенберлиннің кітаптары туралы айта кетейін. … «Хан Кенені» орыс тілінде оқып шықтым. Әуезовтің пьесасымен үндес екен. Кітап біршама жаман жазылмаған.

Кенесары бүкілодақтық масштабта әшкереленген адам. Ол туралы қаулы осы уақытқа дейін бар күшін әлі жойған жоқ. Осыдан кейін мұндай кітаптың қалай жарық көргеніне қайран қаламын.

Тарихта екі Кенесары болған жоқ, біреу-ақ болған. Ендеше, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті бұл кітаптың шығуына неге рұқсат берді? Кенесарының іс-әрекеті Россияға жат, қарсы жүргізілді. Ал біздің Орталық Комитеттің қолдауымен осындай адам туралы кітап шығып отыр. Жұрт жабылып осы кітапты оқып жатыр. Біраз адамдар, студенттер ұлтшылдық ұрандар көтеріп жүр. Біз хандарды мақтауға неге жол беріп отырмыз?

Әрине, ескіні жазуға мен қарсы емеспін, бірақ хандық құрылысты мадақтаудың қаншалықты қажеті бар еді? Халықтардың арасын ашып, араздастырған, тарих әшкерелеген осы бір өлікті қайта тірілтудің қаншалықты қажеті болды.

Бұл кітап жастарға керісінше әсер етіп, ұлтшылдық сезімін өршіте түседі. Жазушының жалпы тарихқа көзқарасы дұрыс емес. Ал бұл жақсылыққа әкелмейді, зиянын тигізеді».

 

Пікір иесі:

СӘБИТ МҰҚАНОВ (жазушы)
Үкімет Үйі. Алматы. 26.05.1971

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *