Jaidarman Football Cup-2022

Қостанай КВН филиалының ұйымдастыруымен облыстық «Jaidarman Football Cup-2022» футбол турнирі өтті. Қостанай, Арқалық, Торғай, Рудный құрамалары бас сынасқан тартысты бәсекеде жайдарманшылар әдемі ойын көрсетті.

Басты мақсат – жастардың жаз маусымын қызықты, әрі пайдалы өткізу, жайдарманшы командалар арасындағы өзара байланысты нығайту, тәжірие алмасу.

– Шыны керек, күнделікті жұмыс пен жайдарманға дайындықтың арасында жүгіріп жүріп, осындай тамаша кездесулерді де ұйымдастыруға болатынын ұмытып кетіппіз. Керемет ойын болды. Облыстық филиалдың басшылығына, әріптестеріме, жайдарманшы достарыма мың рахмет. Жеңіске жетуге бір қадам қалды. Келер жолы Кубок біздікі болады, –дейді «Рудный құрамасының» белді ойыншысы Қазыбек Нұрғожин.

Жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды Торғай құрамасы, 2-орын Рудный құрамасына бұйырса, 1-орынды Қостанай жайдарманшылары иеленді. Ал, «Арнайы жүлде» Арқалық құрамасына бұйырды.

«Үздік ойыншы» – Ерқанат («Торғай»)

«Сұр мерген» – Ұлықбек («Рудный»)

«Үздік қақпашы» – Әділхан («Қостанай»).

Жерлестерімізді жүлделерімен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *