ЕЛ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРДА

Президенттік жастар кадр резервінің негізгі көздеген мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу

 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталған еді. Іріктеуге В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Бұл туралы бізге мемлекеттік қызмет ардагері Ләйлә Қапанова  толығырақ айтып берді.

«Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 25 желтоқсан аралығында жалғасады. Оның қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер іріктеледі. Резервте болу мерзімі — 3 жыл. Осы кезеңде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей-ақ әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. Бұл байқау алдыңғы екеуіне қарағанда ерекше. Себебі резервке үміткерлерге тіркелу кезінде Қазақстанның мемлекеттік басқару құрылымына сәйкес алты саланың біреуін таңдау ұсынылады. Олар: әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; цифрландыру; инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; экономикалық және қаржылық саясат; сыртқы саясат және инвестициялар. Байқағанымыздай,, қазір бұл құрылымға білікті қызметкерлер қажет»,- дейді мемлекеттік қызмет ардагері.

Жастарға мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда. Өтінім берудің соңғы күндері қатысушы ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы сайтта тіркеуден өтуі қажет. Үміткердің жасын тексергеннен кейін жүйе оған сауалнаманы толтыруға және жеке кабинетте қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.

«Сайт күнделікті жұмыс жасайды. Тіркеу мүмкіндігінше жеңілдетілген. Ең бастысы, қатысушы өзінің дұрыс электрондық поштасын және ұялы телефонын көрсетуі керек. көбінесе көптеген адамдар қателіктер жібереді. Сондай-ақ, жеке ақпартты толық жазу тиіс. Іріктеу кезеңінде «Құжаттарды қабылдау» кезеңі 1-30 қыркүйек, «Қабілеттерді тестілеу» кезеңі 1-7 қазан, «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңі 10 қазан, «Құзыреттерді бағалау» 19-24 қазан мен 20-24 қараша күндері 2 блокты кезеңі және ең соңғы «Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңі 1-8 желтоқсан аралығында болады. Егер үміткердің өтінімі сәйкес келсе, онда ол қалған кезеңдерге жіберіледі. Соңғы сараптама комиссиясына осы алты саланың білікті қызметкерлері кіреді. Мысалы, егер сіз цифрландыру саласына өтінім берген болсаңыз, онда сізге сұрақ қою үшін міндетті түрде сол саланың өкілі болады. Жалпы менің ойымша бұл жастарға үлкен қолдау. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметші ретінде өз жұмысын атқарып, жаңа креативті ұсыныстар білдіріп жүрген жастарымыздың саны артуда. Осы орайда, біздің жас Рудныйлықтарға қатысуға кеңес берер едім. Қаламызда байқауға қатыса алатын көптеген ақылды жастар бар. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмау керек. Жастар бізге қарағанда сәл басқаша ойлайды, өте дамыған, сондықтан жастар Қазақстанның құрылысына белсенді қатысуы керек»,- дейді Ләйлә Қапанова.

Осыған дейін Қазақстан бойынша 2019 және 2021 жылдары да іріктеу өткен болатын. Іріктеу нәтижелері сандық көрсеткішпен 35890 адам өтініш жіберген. Оның 2 жылдың іріктеу нәтижелері бойынша резервистер саны-350.

Гүлім Мұрат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *