Білімнен басталған жол

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында бүгінгі қоғамды толғандыратын өзекті тақырыптар қозғалды.

Мемлекетіміздің барлық саласын жақсыртуға арналған жоспарларды іске асыруға тапсырмалар қойылды. Олардың қатарында, еліміздің білім беру саласын күтіп тұрған оң өзгерістерге назар аударылды. Жолдауда елдің білім деңгейін көтеру үшін балабақшадан бастап жоғарғы оқу орнындарының қазіргі жағдайын одан әрі дамыту үшін нақты міндеттері айтылды. Себебі білімді ұрпақ тәрбиелеу, олар қауіпсіз жағдайда өмір сүру басты міндет. Осы Жолдаудың білім саласына байланысты «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ басшысы Қымбат Бірманова өз пікірімен бөлісті.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын дәл осы Білім күнінде жариялауы бүгінде игі дәстүрге айналды. 1 қыркүйек – бүкіл ұрпақты біріктіретін білім мерекесі. Бұл – жаңа оқу жылының бастауы және жас өркеннің өмірдегі жаңа кезеңі білім әлеміне қадам басуы. Жолдауда экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды. Білім беру жүйесі жолдаудағы маңызды мәселенің бірі. Әрбір оқушының білім алып жан- жақты дамуы үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалып, үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесінің шешілетіндігі атап айтылды.Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға мектеп формасын бюджет есебінен беру қажет екендігі баса айтылған. Ұлт болашағы үшін сапалы орта білім алуда ұстаздар қауымы өз біліктерін жақсарту арқылы нәтижелі қызмет атқаруы керек. 97 мың тәрбиешінің жалақысы 30 пайызға, колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға өседі. 1,4 миллионнан астам 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Еліміздің мектептерінде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылады. Бұл шаралар отандық білім сапасын арттыруға, балаларымыз үшін жайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған. Жолдау ұстаз қауымы үшін жасампаз жолдау деп білемін.Сонымен қатар, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Мемлекет басшысы балаларға қарсы қылмысқа жол бермеу мәселесінде ашық қозғады. Баланың құқықтарын қорғау басты назарда болуы қажет. Президент жолдауында Қазақстанның алдағы үш жылдағы экономикалық дамуы бағыт-бағдары айқын көрсетілген. Ең негізгісі — әр азаматтың өмір сапасын жақсарту мен көтеру»,- дейді Қымбат Бірманова.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, 6 жасар бүлдіршіндердің жартысы ғана балабақшаға барады екен. Ол үшін барлық балаға, мектепке дейінгі білімді қолжетімді, әрі сапалы ету қажет. Ал, тәрбиешілердің өз жұмысына адал болуы үшін, аттестациялау процесі жүргізілмек. Сондай-ақ, Президент орта білімді қолға алу қажеттігін айтты. Қазіргі уақытта қала және ауыл мектептерінде айырмашылық бар. Қорыта келе, «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауда айтылған мәселелер адал тұлға болып қалыптасуына тек мемлекет тарапында қызмет етіп жатқан атқарушы органдарға ғана емес, сондай-ақ ата-аналарға, мұғалімдерге және жалпы қоғамға қатысты. Барлық ел бір жұдырық болып жұмылып, айтылған тапсырмалар мен жобалардың орындалуын қадағалау тиіс.

Гүлім Мұрат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *