Қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасында осы сұраққа жауап беру мақсатында БАҚ өкілдерімен кездесу өтті
Жиын барысында салық заңнамасының нормаларына сәйкес салық агенттері төлем көзінен ұсталатын салықтарды және өз қызметкерлері үшін әлеуметтік төлемдерді есептеуге, ұстап қалуға және бюджетке аударуға міндетті. Жеке кәсіпкерлер мен жеке практиктер оларды өз пайдасына төлейді.
Бюджетке төлемдерді қатаң белгіленген мерзімде – салық кодексінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей аудару қажет. Әдетте, бұл есепті айдан кейінгі айдың 25 күні. Егер, салық агенті төлемдерді кешіктіріп аударса, онда әр кешіктірілген күн үшін өсімпұлдан басқа, оған әкімшілік айыппұл төлеуге тура келеді.
Айыппұлдар ҚР ӘҚБтК-нің 279-бабына, 91-бабына және 92-бабына сәйкес салынады. ҚР ӘҚБтК 279-бабының 2-тармағына сәйкес, төлемді кешіктіру немесе толық емес соманы төлеу айыппұл салуға әкеп соғады:
- жеке нотариустарға, ТЖК, адвокаттарға, шағын бизнес субъектілеріне немесе КЕҰ -5 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне-10 АЕК;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК.
«Бұл ретте, салық төйлеу уақытының мерзімі аяқталып, бірақ салық агенті өз бетінше салық сомасын анықтап қосымша декларация тапсырса, айыппұл салуды болдырмауға болады. Қосымша есептелген салықтардың сомаларын айыппұлсыз қосымша салық есептілігі берілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде аударуға болады. «БЖЗҚ» АҚ-на МЗЖ және МКЗЖ аударуды кешіктіргені үшін, сондай-ақ, әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін мынадай жауапкершілік көзделген: бірінші бұзушылық кезінде ескерту, бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін айыппұл салу. Айыппұл аударылмаған жарналар сомасына пайызбен салынады: жеке тұлғаларға 10%, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе ҮЕҰ-ға — 20%, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 30%, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50%»,-деді Азамат Кожуков өз сөзінде.
Айыппұл сомалары айтарлықтай болғандықтан, салық агенттері өздерінің салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін сақтауды байыпты қабылдауы керек. Сонда айыппұлдарды ғана емес, сонымен қатар өсімпұлды есептеуді де болдырмауға болады.
Әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін төлеушіге қауіп төнеді:
- бірінші бұзушылық кезінде ескерту
- айыппұл салу
Айыппұл төленбеген әлеуметтік аударымдар сомасының пайызымен де салынады:
- жеке тәжірибешілерге, шағын бизнеске және КЕҰ-20%;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне-30%;
- ірі кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі-50%.
Жадыра ЕРТАЕВА