Биыл тілдерді оқыту орталығында 920 адам білім алуда

Қаламыздағы тіл үйрену орталығы 2008 жылы облыста бірінші болып ашылған. «СөйлеTime» ауызекі қазақ тілі клубы өз жұмысын жалғастырады. Сәуірдің 1-інен бастап зейнет жасындағылар үшін курс ашылса, 1 қыркүйектен бастап жастар үшін де курс ашылмақ. Айта кетерлігі, орталықта ағылшын, тұрғындардың қалауы бойынша неміс, қытай тілдері де оқытылады. Тілдерді оқыту орталығының жұмыстары жөнінде толығырақ орталықтың мұғалімі Дана Альтановамен сұхбаттастық.

— Жалпы тілдерді оқыту орталығының негізгі міндеті қандай? Қазіргі уақытта қанша тыңдаушы қатысып, тілді меңгеруде? Сертификат алғандардың жалпы саны қанша?

Орталықтың негізгі міндеті — тіл үйренем деушілерге тілді қарапайым, оңай түрде үйрету. Тілдің байлығы бар да оның қызметі бар. Біз сол байлықтың белгілі бір мөлшерін ғана алып тіл үйренушіге ұсынамыз. Тіл үйренуші біз үйреткенді күнделікті өмірде қолдана алса, ол сол тілдің қызметін пайдалана алғаны. Қазіргі уақытта орталықта тілді үйренем деушілер саны 920. Соның ішінде 658 мемлекеттік тілді меңгеріп жүр. 262 адам ағылшын тілін, 10 адам орыс тілін меңгеруде. Қысқа мерзімді курста 36 тыңдаушы, былтыр ашылған «Сөйлетайм» клубында 76 тыңдаушы қатысып отыр. Биыл сөйле тайм клубына өзге ұлт студенттерін қатыстырып отырмыз. Тілді білім саласы, медицина саласы, полиция қызметкерлері, қала тұрғындары үйреніп жүр. Биыл 2023 жылы 50 тыңдаушыға сертификаттар табысталды. Оның ішінде 33 сертификатты  мемлекеттік тілді аяқтаған, 17 ағылшын тілі тыңдаушыларына табысталды. Алдағы уақытта тағы екі мекеменің тыңдаушыларына сертификат табысталады.

— Тілдерді оқытуда қандай тиімді әдістерді қолданасыздар?

Тілдерді оқытуда тыңдаушыға  тілді оңай, жеңіл, қарапайым түрде үйретіп, көбіне түрлі форматтағы ойын түрлерін қолданамыз. Сондай-ақ сұрақ-жауап, сұхбат түрінде үйретеміз. Негізі мақсатымыз — сөйлесім, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру.   

— Жақында ғана «Ретро клуб» ашылғанына куә болдық. Осы жөнінде толығырақ айтсаңыз…

Иә, орталығымызда «ҚазРетро» қазақ тілін үйрену бойынша сөйлесу клубы ашылды. Клуб тыңдаушылары белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары. Бұл белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен біздің-оқыту орталығының бірлескен жобасы. Клуб кездесулері аптасына екі рет өтеді. Зейнет жасы тіл үйренуге кедергі емес. Тыңдаушылар саны – 20-дан астам.

— Сабақтарды онлайн өткізу жоспарда бар ма? Әлеуметтік желілерде қандай жұмыстар атқарасыздар?

Қазіргі таңда барлық сабақтар оффлайн түрде өтіп жатыр, болашақта мекемелерден онлайн сабақ өткізуге сұраныс келіп түсе қарастыруға болады. Биыл Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Соның қарсаңында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына біздің тыңдаушылармыз Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінен үзінді жаттап айтып, бейнероликке түсіріліп өзіміздің «Rudny_til» әлеуметтік желілеріне салынады. Осы сәтті пайдалана отырып тіл үйренем деушілерді біздің орталыққа мемлекеттік, ағылшын тілдерін үйренуге шақырамыз.

Сұхбат бергеніңізге рақмет!

Арай Марат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *