Елімізде микроқаржылық ұйымдардың несие проценті төмендейді. Мұндай жаңашылдық жаңа заңда көрсетілген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов заңдағы басты өзгерістердің бірі – микроқаржылық ұйымдардың несие процентіне қатысты екенін айтты.
«Заң жобасынбағы басты өзгерістердің бірі — Қазақстан территориясында берілетін несиелер оны банк, микроқаржылық ұйым немесе онлайн несиелеудің қайсысы берсе де, жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептелетін болады. Бұған онлайн несие беретін ұйымдардың ерекше статусы болған еді. 50 АЕК-ге дейін қарыз беретін онлайн несие ұйымдары номиналды пайыздық мөлшерлеме қоюына болатын еді. Номиналды мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептегеннен қарағанда жоғары процент қосылатын еді. Енді біз онлайн несиелендіруден осы статусын жойдық»,- деді ол.