Жақсылық маршруты

Неліктен «Инватакси» қызметі қала үшін өте маңызды

Рудный қаласы қолжетімді ортаны дамытуды жалғастыруда: бүгінде мұнда «Инватакси» қызметі табысты жұмыс істеп тұр. Бұл маңызды бағыт мүгедектігі бар адамдардың қала бойынша еркін қозғалуына көмектесіп, олардың ұтқырлығын, тәуелсіздігін және әрбір күнге деген сенімділігін сақтауға септігін тигізеді. Бүгінгі таңда рудныйлықтар «Инватакси» жұмысы туралы не білуі керек?

Инватакси қызметі – бұл бір пункттен екінші пунктке жай ғана бару емес, бұл әлеуметтенудің маңызды құралы. Ол ұйымдастырушы ретінде әрекет ететін және әрбір жолаушының қажетті жерге жайлы жете алуына қамқорлық жасайтын Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауы арқасында жұмыс істейді.

Рудный қаласында «Инватакси» қызметін Ещанов Санаш Сағандықұлының жетекшілігімен Рудный қалалық ерікті мүгедектер қоғамы құрған «Достар 2016» ЖШС жүзеге асырады. Ұйымның мекенжайы: Рудный қаласы, Горняков көшесі, 20. Анықтама және тапсырыс беру үшін байланыс телефондары: 7-10-14, 7-19-14, 8-775-716-22-50.

Инватакси жұмысының сапасы көбіне әрбір сапарды ұйымдастыратын адамдарға байланысты. «Достар 2016» ЖШС-нің жүргізушілері, жүк тасушысы мен диспетчерлерінен құралған жақсы әрі жанашыр ұжым күнделікті өз жұмысына деген жауапкершілігін дәлелдеп келеді. Ұзақ жылдар бойы ұжым көптеген жылы лебіздерге ие болды. Жолаушылар жүргізушілер мен жүк тасушының сыпайылығы мен төзімділігін, олардың отырғызу және түсіру кезінде көмекке келуге дайын тұратынын атап өтеді. Диспетчерлер машиналардың уақытылы келуін қамтамасыз ете отырып, маршруттарды қалыптастыруға мұқият қарайды. Барлық қызметкерлердің үйлесімді жұмысының арқасында ауруханаларға, оқуға, жұмысқа немесе оңалту процедураларына сапарлар жайлы әрі қауіпсіз өтеді.

2025 жылдан бастап Мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес «Инватакси» қызметі енді Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілуі тиіс, ал Порталда өнім беруші болмаған жағдайда, бұрынғыдай мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Рудный қаласында Портал арқылы қызмет көрсетуге дайын өнім берушілер жоқ, соған байланысты мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 2026 жылға өнім беруші болып «Достар 2016» ЖШС анықталды.

Бүгінде қала бойынша 10 көлік жұмыс істейді, оның біреуі кресло-арбамен қозғалатын адамдарға арналған көтергішпен жабдықталған. Штатта 10 жүргізуші, 4 диспетчер, 1 жүк тасушы бар.

«Инватакси» қызметін пайдалануға мынадай мүгедектігі бар адамдар құқылы: жеке көмекшілердің, арнайы қозғалыс құралдарының қызметтерін ұсынуға медициналық айғақтары мен қарсы айғақтары бар жандар, өзіне-өзі қызмет көрсету және өз мінез-құлқын бақылау қабілеті екінші және үшінші дәрежеде шектелген, ауыр және айқын психикалық бұзылулары бар жандар.

Мүгедектігі бар адамдарға «Инватакси» қызметін көрсету үшін дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қолданыстағы қорытындысы негіз болып табылады.

«Инватакси» қызметіне құжаттарды рәсімдеу үшін мүгедектігі бар адам «Достар 2016» ЖШС-не келесі құжаттармен жүгінуі қажет: өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, ДКК қорытындысы, мүгедектігі туралы анықтама.

«Инватакси» қызметін көрсетуге тапсырысты қабылдау, мүгедектігі бар адамды қарсы алу, мүгедектігі бар адамды тұрған жерінен инватаксиге дейін тасымалдауға жәрдемдесу, сондай-ақ отырғызу/түсіру, багажды тиеу/түсіру (қажет болған жағдайда), мүгедектігі бар адамды және ілесіп жүруші адамды (бар болса) өтінімде көрсетілген межелі жерге дейін жеткізу кіреді. Қызметті алуға өтінім жоспарланған сапар күнінен бір тәулік бұрын беріледі.

«Инватакси» қызметі бірінші кезекте жұмыс істейтін, оқитын, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері болып табылатын мүгедектігі бар адамдарға жұмыс, оқу кестесіне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі. Басқа мүгедектігі бар адамдарға «Инватакси» қызметі олардың жүгіну ретімен көрсетіледі.

Рудный қаласында «Инватакси» қызметін әлеуетті алушы болуы мүмкін 1100 мүгедектігі бар адам тұрады. Қазіргі уақытта бұл қызметті                            151 мүгедектігі бар адам пайдаланады, «Достар 2016» ЖШС ағымдағы жылы 9 623 өтінімді орындап үлгерді.

Олай болса, неліктен біздің қаламызда «Инватакси» қызметі мейірімділік бағыты (маршруты) ретінде сипатталады? Оны бұлай атау себебі – ол адамдарды ауруханалар, жұмыс орындары, мектепке дейінгі, мектеп және әлеуметтік мекемелер сияқты өмірлік маңызды нысандармен байланыстырады, осылайша оларға кедергісіз қозғалыс пен тәуелсіздік сыйлайды. Мүгедектігі бар жолаушылар үшін бұл – қамқорлықтың, жылылықтың және адамгершіліктің символы.

Алда қолжетімді ортаны ұйымдастыру бойынша әлі де көп жұмыс бар, бірақ біз Рудный қаласында бағыттың дұрыс таңдалғанына сенімдіміз. Кез келген шекараны жоя отырып, әрбір адамның жүріп-тұру еркіндігі болуы тиіс.

 

Елена СКАРЕДИНА,

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы