Жылдың тоғыз айында Рудныйда 360 ЖКО орын алды

Төрт адам өмірге сәйкес келмейтін жарақат алды

Рудный прокуратурасы жергілікті атқарушы орган, полиция және білім беру органдары өкілдерінің қатысуымен 2021 жылы және ағымдағы жылдың тоғыз айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың заңдылығы мен тиімділігіне қатысты ведомствоаралық жедел кеңес өткізді.

«Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 – бабының 16-тармағына сәйкес, Жол жүрісінің қауіпсіздігі-оның қатысушыларының жол-көлік оқиғаларынан және олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерлерінен қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі.

Ағымдағы 2022 жылдың тоғызында қала аумағында 360 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда төрт адам өміріне сәйкес келмейтін жарақат алды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін сот тәртібімен 3693 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 15 тәулік мерзімге қамауға алу 114 адамға қатысты қолданылды.

Тек ағымдағы жылдың қыркүйек айында мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін, көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып, екі адамға қатысты екі ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Кеңес қорытындысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар әзірленді.

Қорытындылай келе, қала прокуроры Акбар Әбділдин қаралып отырған мәселенің маңыздылығын және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Рудный қаласының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *