Арнайы әлеуметтік төлемді алу шарттарының бірі зиянды орындардағы жұмысты тоқтату немесе зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысу болып табылады, өйткені бұл төлемдер — қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғау құралдарының бірі.
— Төлемдер алушының шотына бір уақытта бір төлеммен жүргізілетінін айтқым келеді,- деп түсіндірді Қостанай облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Департамент басшысы Шынғысбек СҰЛТАНБЕКОВ өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте, — Қостанай облысында көрсетілген параметрлерге сәйкес келетін азаматтардың саны 2024 жылы шамамен 1300 адамды, 2025 жылы — 1400, 2026 жылы 1600 адамды құрайды.Бұл — жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударатын өңірдегі кәсіпорын жұмыскерлері.
Сонымен, арнайы әлеуметтік төлем алу 55 жастағы қызметкерлерге зиянды еңбек жағдайларында жұмысын тоқтатуға мүмкіндік бермек.