Естеріңізге сала кетейік, жақында Рудныйдағы байланыс операторларына 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Рудный қаласы прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және қала көшелерінде деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады.

— Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Ұйғарымдарды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатып, сол арқылы 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды, – деді Рудный қалалық прокуратурасының прокуроры Еркебұлан Нұрыш.

Прокуратурада қандай байланыс операторларына айыппұл салынды.

Еркебұлан Нұрыш бұл жағдай қалалық прокуратураның бақылауында екенін және жақын арада байланыс операторлары сигналдың жақсаруына ықпал ететін тағы бірнеше антенна орнататынын айтты.

Сапасыз ұялы байланысқа шағыммен Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына хабарласқан жөн, телефон: 8(714)2 39-00-01.

Байланыс операторлары тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда заңда көзделген шаралар қабылданатын болады.

Өтінішті жазбаша нысанда «Қазпошта» АҚ филиалы арқылы немесе электрондық үкімет порталындағы e-otinish сервисі арқылы онлайн жіберуге болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *