Кейбір қазақстандықтар айыппұл төлеу кезінде жеңілдіктерден айырылуы мүмкін

ІІМ жылына бес тәртіп бұзушылық жасаған қазақстандық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі күнтізбелік жыл ішінде бестен астам әкімшілік құқық бұзушылығы бар адамдар үшін 50 пайыздық жеңілдікпен ЖҚЕ бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлеу мүмкіндігін болдырмау бойынша түзетулерді (…) пысықтауда»,-деп хабарлады Мұраталиев ІІМ брифингінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *