Мемлекеттік қызметші – ел айнасы

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті

Қоғамның қажеттілігін өңдейтін ұлтжанды, отансүйгіш азаматтардың атқаруымен жүзеге асатын қызмет. Сондықтан әрбір қызметкердің бойынан ұқыптылық, әділдік, адамгершілік, кәсіби білім мен жаңашылдық табылуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы – Әдеп кодексі, ол  жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Осы қасиеттерге ие, мемлекеттік қызметте 19 жылдай еңбектеніп жүргендердің бірі – Калеева Дана Ростямовна. Ол мемлекеттік қызметке ЖОО-ның аяқтағаннан бірден кірден орналасқан. Алғашқы уақытта бас маман лауазымында, содан соң көп жылдар бойы мансап сатысымен нық басып көтеріліп келеді. Соңғы 8 жылда «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы болып қызмет атқаруда.

– Мәслихат аппаратының басты атқарар қызметі қандай?

Аппарат мәслихаттың ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi. Мәслихатта әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қалалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері бойынша тұрақты комиссиялары бар. Менің міндеттеріме аппараттың жұмысын жоспарлау, мәслихат пен оның органдарының отырыстарын, мәслихаттың кеңестерін, семинарларын және басқа да іс-шараларын өткізу, оларды ұйымдастыру және өткізу, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету, өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды азаматтардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, мәліметтерді, құжаттарды және өзге де материалдарды жинақтау кіреді. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол себепті мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері белсенді қызмет атқаруда.

– Жұмыста ұстанатын жеке құндылықтарыңыз бен принциптеріңіз қандай?

– Өзінің дағдылары мен құзыреттерін, жеке өсуін жетілдіру үшін мемлекеттік қызметші мақсаттылық, тәртіптілік, құзыреттілік пен біліктілік, заңға бағыну және құқықтық сана сынды қасиеттерді дамытуы қажет. Менің құндылықтарым және жұмыстағы нұсқаулары —  ұлттық мүдделер мен жүргізілетін мемлекеттік саясаттың басымдығын қолдау, әділді, ашықтық, антқа адалдық.

– Мемлекеттік қызметке қосылуға және осы салада мансап құруға ұмтылатындар үшін қандай кеңестер бересіз?

– Мансапты таңдау — бұл адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Өйткені, адамның белгілі бір қызмет саласындағы жетістіктері оның жеке басындағы қабілеттерімен сәйкес келуі керек, сондай-ақ жеке өмірді және  мансапты үйлестіруге мүмкіндік болуы тиіс. Мемлекеттік қызметке келгеніме қуанамын, себебі халықпен тығыз байланыста болу, көмек көрсету мен үшін маңызды. Қазіргі күні мен өзімнің өміріме, мансабыма толықтай қанағаттымын.

Сания САҚТАҒАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *