Назар аударыңыз! Антитеррористік жоспарлы оқу-жаттығулар!

Бүгін – ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Рудный қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Рудный қаласының аумағында «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМКҚ ауданында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуларын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісінен өту, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және жою міндеттерін орындау бойынша практикалық дағдыларын дамыту.

Оқу-жаттығу барысында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған.
Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Рудный қалалық жедел штабы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *