Рудныйдан шыққан армрестлер Қазақстан Президентінің жүлдесіне арналған VII халық ойындарында бірінші орынды жеңіп алды

Халық ойындары төрт жылда бір рет өткізіледі. Жарысқа қатысушыларды Қостанай облысы-Тобыл қаласы қабылдады

Біздің облысымыздан алты спортшы қатысты, олардың ішінде рудныйлық Андрей Степанчук – Қазақстанның және халықаралық дәрежедегі спорт шебері, біздің облыстағы армрестлингтен жалғыз білікті жаттықтырушы бар.

Халық ойындары спорттың келесі түрлерінен өтеді: волейбол, мини-футбол, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жазғы президенттік көпсайыс, армрестлинг, стритбол, асық ату.

Андрей Степанчук айтып берді:

– Бізде алты салмақ санаты болды, мен 100 келіге дейінгі санатта күш сынастым, 15 қарсыласым-Қазақстандағы ең мықты спортшылаары болды: спорт шеберлері, халықаралық дәрежедегі шеберлер, еңбек сіңірген шеберлер, Азия чемпиондары болды. Мен бірінші орынды жеңіп алдым. Осы нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс істедім, дайындалдым, отбасым, спорттағы және жұмыстағы әріптестерім, достарым қолдады. Олардың барлығына үлкен рахмет.

Алдағы жоспарлар туралы айта келе, Андрей Степанчук қазір оның әлем чемпионатына қатысуы туралы мәселе шешіліп жатқанын, өйткені ол лицензия алмаған, бірақ нәтижелері жақсы екенін атап өтті.

— Әрине, әлем чемпионатында өнер көрсеткім келеді, бірақ алдын ала болжамаймын. Күзде Қырғызстанда ірі жарыстар өтеді, мүмкін оған да қатысатын шығармын», – деді Андрей Степанчук.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *