Рудный тұрғыны танысына жасырына түрде 3 онлайн несие рәсімдеді

Қостанайлық полицейлер алаяқтық схеманы ашты

Шығын сомасы 300 мыңнан астам теңгені құрады.

Ер адам досынан ұялы телефонын беруді өтінді. Мобильді банкинг қосымшасына қолжетімділік алып, 60 000 теңге сомасына онлайн-несие ресімдеді.

— Ол өзінің банк картасы бұғатталғанын айтты және жалақыны аудару үшін менің картамның деректерін сұрады. Содан кейін менің шотыма 60 000 теңге түсті, мен оны қолма — қол ақшаға айналдырып, оған бердім, — дейді жәбірленуші.

Кейіннен осындай тәсілмен алаяқ оған 150 000 теңгеден тағы 2 онлайн-қарыз ресімдеді. Рудныйлық несиелерді рәсімдеу фактілері туралы коллекторлардан пайда болған берешектен кейін ғана білді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында онлайн-кредитті жәбірленушінің танысы ресімдегені анықталды, ол мойындады.

— Банкинг қызметтеріне қол жеткізу парольдерін орнатыңыз, шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеріңіз. Мұндай шаралар мобильді алаяқтықтың әртүрлі түрлерін болдырмауға көмектеседі. Айта кету керек, соңғы уақытта кибер алаяқтардың жаңа схемасы фактілері жиілеп кетті, олар жалған брокерлік биржаларға инвестициялар түрінде біздің азаматтарымызды соңғы ақшаны биткоиндерге аударуға сендіреді. Олардың көпшілігі жалған брокерлердің тарапынан жалған уәделерге ұшырап, миллиондаған теңгені несиеге алып, енді өз мүлкін қарызды өтеу үшін сатуға мәжбүр болды, — деп түсіндірді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Данияр Дандыбаев.

Полиция тағы да ешкімге өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін хабарламауды, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтарды, кодтық сөздерді, тіпті банк, полиция, ҰҚК қызметкерлері болып табылатын адамдарға және т. б. бермеуді сұрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *