Рудный қаласының 65 жылдығына орай Үздік мерекелік логотипке байқау өткізілді

Байқаудың мақсаты-қаланың оң имиджін қалыптастыру, жастар арасында қала тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Байқауды қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Инновациялық білім беру «Зияткерлік орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Байқауға тоғыз адам қатысты: Андрей Мещанинов, Роман Бексеитов, Бекнұр Идирисов, Анастасия Казаченко, Александр Сибякин, Елизавета Стратонова, Әли Батырғали, Галина Назарова. Байқауға қатысушыларды шығармашылық ойлау және патриоттық сезімі үшін құрмет грамоталарымен марапаттады.

Байқаудың жеңімпазы Бекнұр Идирисов болды. Ол ақша сертификатын алды. Оның логотипі алдағы қала күні мен Металлург күні туралы роликтерді безендіреді және мерейтойлық іс-шаралардың басты сахнасында орналастырылады. Бекнұр өз жұмысында біздің қаламыздың дүниеге келуіне негіз болған сәт – Михаил Сургутановтың ұшуы туралы айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *