«Сенім. Үміт. Махаббат»

Осындай атаумен халықаралық қарттар күні қарсаңында «Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қала ақындарының поэзия кеші өтті.

Шараға Рудный қаласының белгілі ақындары, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, «Жадыра» ансамблінің вокалисттері, «Аққу» бишілер тобы, кітапхана қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Поэтикалық кеш қаламыздың дарынды, жігерлі, шығармашыл адамдарға толы екенінің бір дәлелі болды. Алғашқы болып ұлттық домбырамызбен Шәмшә Қайыркенова «Көзіңнің мөлдірін-ай» атты өлеңімен кешті бастады. Ақсақалдар жастарға жалынды сөздерін арнап, шығармашылық ізденіс, табыс тіледі.

Қоңыр күз түскенімен, барлық қатысушылар мен келген қонақтардың көңілі сергек болды. Ақындар өз өлеңдерінде күз және махаббат жайлы тақырыптарды қозғады. Солардың бірі — Витольда Гагарина. Ол алғаш рет 15 жасында ғашық болып өз сезімін өлең шумақтарымен жеткізе бастаған. Бір уақытта бұл істі тоқтатып, белгілі бір уақыт кроссвордтар құрастырды. 20 жасында «Әдеби сенбі» клубын басқарды. Рудныйлықты клубтың белсенді қатысушылары қайтадан жазуға шабыттандырған. Бүгінде ол алты жүзден астам өлең жазды. Ақынның 8 медалі бар. Витольда Гагарина — біздің қаламыздағы халықаралық жазушы төлқұжатының жалғыз иесі.

– Осы уақытқа дейін менің қолымнан 4 жинақ шықты. Бүгінгі кеште өзімнің сүйікті өлеңдерімнің жинағын оқып бердім. Оны өткен жылы 75 жылдық мерейтой қарсаңында шығаруға бел буып, Санкт-Петербург қаласында басылған еді. Әлде де осымен тоқталмай, болашақта махаббат туралы өлеңдер жинағын шығаруды армандаймын. Жаңа өлең шумақтарын жазған кезде поэзия әлеміне еңіп, бақытқа байланамын. Бүгінгі кештің қатысушысы ретінде баршаңызды көргеніме өте қуаныштымын, – деді ақын өз сөзінде.

Кеш барысында өз шумақтарымен ерекшеленіп Наталья Голдштейн шықты. Ол-Коркинода дүниеге келген. Ленинградта жоғары білім алған. 16 жыл Самарадағы зауытта жұмыс істеді. Уақыт өте Рудный қаласына көшіп, қазіргі уақытта «Рудный меридианы» әдеби бірлестігінің мүшесі. Қазіргі таңда 90-ға жуық өлеңдер жинағы бар.

«Сенім.Үміт.Махаббат» атты поэтикалық кеш қала шығармашылығы мен қоғамдастық рухын бейнелейтін маңызды оқиға болды. Кеште танымал ақындардың сөздеріне жазылған әсем әндер шырқалып, көрермендер ерекше әсер алды. Шарада сондай-ақ көрермендер арасынан суырылып шығып,өз шығармашылығынан өлең оқығандар да болды. Кездесуге жиналған қауым эмоциялар мен сезімдер әлемінде ой-өрісін кеңейтті.

Сания Сактаган

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *