Шағын футболдан қалалық турнир өтті

18-19 мамырда қалалық мәдениет пен демалыс саябағында жазғы шағын футболдан қалалық турнир өтті. Екі күн бойы тартысты додаға әуесқой аяқдоп шеберлерінен құралған рудныйлық 8 команда қатысты. Қала әкімі Виктор Ионенко турнирдің салтанатты ашылуында сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол шара  мақсатының бірі – бірлік, достастық қарым-қатынасын нығайту екендігін баса айтты.

— Футбол турниріне қатысу-бұл су тасқынынан кейін қалпына келтіру бойынша белсенді шаралардың жалғасы мен қоғамдық орындардың қалпына келтірудің маңыздылығын  куәландырады.Абаттандыру жұмыстары мен қажетті сараптамалары арқылы саябақтың жұмысы ретке келтіріліп, енді көптеген рудныйлақтың жақсы көретін жері қала тұрғындарына қол жетімді болды.Футбол турнирінің қатысушыларына спорт жетістіктері мен жаңа жеңістерге жетуіне тілектеспін! Ал жанкүйерлерге демалыс күндерінде керемет көңіл-күй мен жақсы демалыс болсын!,- деп атап өтті қала басшысы.

 

Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру, партиялықтар арасында достық қарым-қатынасын  нығайту болып табылады. Командалар арасында жарыс айналмалы жүйеде өтті, яғни барлық команда бір кездесуден өткізді. Ойын барысында әр топ өз жанкүйерлерінің, ұйым өкілдерінің  қолдауын  сезініп, кіл мықтылар анықталған ойын ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, тартысты бәсекеге ұласты.

Жалпыкомандалық есепте турнирдің Бас кубогы «Горняк» командасына табысталды. Екінші орынға «Сокол»  командасының футболшылары лайық деп танылды. Ал үшінші орынды «Спарта» командасы еншіледі. Сонымен қатар турнирде косымша номинациялар болды.  «Спарта» командасының ойыншысы Иван Павленко «Үздік қақпашы» атағын алды. «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша«Сокол» команда мүшесі Бауыржан Серкибаев және «Горняк» команда ойыншысы Евгений Стренев «Үздік ойыншы»  номинациясымен марапатталды.

 

 

Жүлделі орындарға ие болған командаларға естелік кубоктар мен тиісті дәрежедегі дипломдар табысталды. Әр команда жарысқа белсене қатысқаны жөніндегі мақтау қағаздарына ие болды.

— Біз өз кезегімізде турнирді ұйымдастыруға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жарыста оза шапқан спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық командаларға ауа-райының қолайсыздығына қарамастан турнирге белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз,-деді қалалық спорт бөлімінің басшысы Ирина Бурнаева марапаттау рәсімінде.

 

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *