Қала әкімі Виктор Ионенконың мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы

Құрметті рудныйлықтар!

1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің ортақ мұрамыз, қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің қайнар көзі.

Еліміздің саяси тұрақтылығын білдіретін бұл мерекені бәріміз мақтан тұтамыз. Тәуелсіз еліміздің лайықты болашағы бізден бірлескен күш-жігерді, жасампаздық пен жемісті еңбекті талап етеді. Қазақстандық патриотизм – ел ұлылығының сенімді кепілі!

Рудныйлықтар мәдениет, спорт, білім салаларында Қазақстан туын әлемдік аренада асқақтатып жүр. Беделді халықаралық турнирлердегі тамаша жеңістердің құрметіне Мемлекеттік Әнұран орындалғанда ерекше мақтаныш сезімін бастан кешеміз.

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, жан тыныштығы мен бейбітшілік, махаббат пен қуаныш, еңбекте табыс, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін амандық, тұрақтылық пен гүлдену тілейміз! Бірліктің, Азаттық пен Тәуелсіздіктің символы – Қазақстанның көк туы әрқашан аспанда асқақтап желбірей берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *