Құрметті рудныйлықтар!

Отан қорғаушылар күні – Қарулы Күштердің батылдығы, патриотизмі мен әскери даңқының мерекесі. Отанға деген сүйіспеншілік, абырой және адалдық ұғымдары қашан да қасиетті болып саналатын мықты адамдардың мерекесі. Қай уақытта болмасын, әскер ұғымы – халықтың  бірлігі мен күшінің айғағы атанып, мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігінің қорғаны бола білді.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне, жергілікті соғыстар мен қақтығыстар ардагерлеріне, сондай-ақ соғыстан кейінгі жылдарда бейбітшілікті қорғаған қарулы күштердің ардагерлеріне шын жүректен алғыс айтамын.

Сіздердің ерліктеріңізді еске алып, Отанымызды келер ұрпақ үшін сақтап қалған және қазір үлкен жауапкершілікпен әскери борышын өтеп жатқан әрбір адамға құрмет көрсету – біздің парызымыз болып қала бермек.

Сіздердің елеулі ерліктеріңіз – әлі күнге дейін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісіне лайықты үлес қосуда. Болашақ Отан қорғаушыларымыз соғыс жайлы және оңайлыққа соқпаған сарбаз қызметі туралы тек оқулықтардан, кітаптардан ғана емес, сонымен қатар, жаугершілік жылдарының тікелей қатысушыларынан да біле алады.

Сіздерге шын жүректен күш пен рухтың беріктігін, зор денсаулық, бастарыңызға амандық пен Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметте табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен, Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *