Кез келген жағымсыз ақпаратты сүзгіден өткізу, оны жұртшылықтан жасыру тоталитарлық режимдерге тән қасиет. Бұл, әсіресе, бұрынғы КСРО уақытында айқын еді
Кеңес Одағы кезінде көптеген табиғи және техногендік апаттар баспасөзде жарияланбады, теледидардан көрсетілмеді. Бұл сол кездегі халық арасында түрлі болжамдар мен қорқынышты қауесеттерге әкелді. Бүгін біз 46 жасырылған ұшақ апаты туралы айтамыз.
26 қыркүйек 1976 жыл. Жексенбі күні таңертең 23 жастағы новосібірлік ұшқыш Владимир Серков әдетте жергілікті әуежайдан жолаушылар мінген АН-2 ұшағын алып қашады. Ол қаладан төмен биіктікте ұшып бара жатып бес қабатты үйге соғылады.
Кукурузник жеңіл ұшақ болғанымен, сағатына 150 шақырымнан астам жылдамдықпен ғимаратқа соғылғанда, үйдің 3-4-ші қабаттары арасын екі метрдей тесік тесіп, ғимарат ішіне кіріп кетеді.
Ұшақта қалған жанар-жағармайдың өртеніп кетуі салдарынан дәліз жалынға оранады. Өрттен жан ұшырған адамдар көмекке келгендерге алдымен балаларын терезеден лақтырып, кейін өздері секіріп кеткен.
Дегенмен, төтенше жағдайдан аман қалу барлығына бірдей бұйырмады. Өрт салдарынан төрт адам – 25 жастағы әйел мен 4 пен 6 жас аралығындағы үш бала қаза тапты. Олардың екеуі Олег пен Александр Тяпкиндер мұнда тұрмайтын, олар бір досының үйіне қонаққа келіп, қонып қалған болатын. Қайғылы оқиғаға шыдай алмаған Олег пен Александрдың анасы бір аптадан кейін жүрек талмасынан қайтыс болады.
Сарапшылардың айтуынша, егер ұшақ тура үйге соғылған болса, қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді. Ұшқышқа үй маңында өсіп тұрған теректер кедергі келтіріп, ағаштарды айналып өтем деген ол, үйдің дәлізіне соғылған көрінеді.
Тергеу барысында жанкешті ұшқыштың әйелі оны тастап кеткені және қайғылы оқиға орын алған үйде, ата-анасының пәтерінде 2 жасар ұлымен бірге тұрғаны анықталады. Олар тұрған пәтер 3-қабатта орналасқан, ал ұшқыш дәл сол пәтерді нысанаға алған. Серковтың есептеуі бойынша, бұл кезде қайын атасы мен қайын енесі және қызы мен немересі ас үйде таңғы ас ішіп отырған, ал ұшақ дәл солардың үстіне «қонуы» керек болған.
Бірақ олардың ешқайсысы сол күні және дәл сол уақытта үйде болмаған. Болжам бойынша, ұшқыштың қайын атасы (немесе барлық ересектер) алдағы кек алу жоспарын біліп, аман қалу үшін бас сауғалаған. Бірақ бұл туралы басқа ешкім ескертпеген.
Қайғылы оқиғадан кейін көп ұзамай «камикадзенің» қайын атасы жанып жатқан үйдің ауласында мүлкін сақтап қалу үшін шортымен жүгіріп жүргенін көргендер болған. Кейін жазадан қорыққан отбасы оқиғаның мән-жайына сұрағандардан қашып, тұрғылықты жерін ондаған рет ауыстырған. Сөйтіп, көпшіліктен жасырынған.
Хрущев дәуірінде салынған тұрғын үй тез қалпына келтіріліп, қайғылы оқиғаның салдары жойылады. Үкімет оқиғаның мән-жайын жасырып қалады. Оқиға туралы еш жерде ресми ақпарат берілмейді. Керісінше, бұл істі лаңкестер ұйымдастырды деген қауесеттер қаланың түкпір-түкпірінде өршиді. Оқиғаның куәгерлері ұшақ ұшқышын «жындыға» шығарады.
33 жылдық жұмбақ ұмытылып бара жатқан тұста, 2000-шы жылдардың басында КГБ мұрағатындағы оқиғаны белгілейтін құжаттар құпиясыздандырылғаннан кейін ашылды.
Massaget.kz