Есірткіге «ЖОҚ!» деп айтыңыз!

Есірткісіз болашақ! Есірткі… Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай Рудныйлық Полиция басқармасы бірқатар іс-шараларды қолға алды.

Мәселен, апта басында Есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері балалармен кездесіп, оларға есірткі заттарының зияны қаншалықты қорқынышты және қауіпті екенін айтты. Балаларға түрлі-түсті жадынамалар таратылды, сонымен қатар кездесуге аға тәлімгерлер де қатысты.

Дәл осындай қоғам дертінің алдын алуға бағытталған дәріс Музыкалық колледжде де өтті.

«Марихуана, анашадан бөлек қазіргі кезде жастар арасында синтетикалық есірткілер бел алған. Спайс деп аталатын нашаның түрі адамның бүкіл ағзасын улап, жүйке жүйесін зақымдайды екен. Жаңа жетіліп келе жатқан ағза үшін бұл үлкен соққы. Сондықтан мұндай жаман әдетке ермей, салауатты өмір салтын ұстану керек» – деді мамандар.

Ақпараттық-насихат жұмысы әлі де жалғасуда. Әрине, бірер шаралар арқылы есірткіге тосқауыл қою мүмкін емес. Десе де, балалар, жасөспірімдер мен жастардың санасына бұл заттың ағзаға өте зиянды екенін құя беретін болсақ, одан ұтпасақ еш ұтылмасымыз рас.

Айзат ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *