Мас күйінде қайта жолға шыққан жағдайда 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және 7 жылға дейін көлікті айдауға өмір бойы тыйым салу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Өткен аптада Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев биыл жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштерінің төмендегенін айтты. Жол-көлік оқиғалары — 13%-ға (8 253-тен 9 429-ға), зардап шеккендер саны — 16%-ға (12 394-тен 10 448-ге дейін), қаза тапқандар — 1%-ға (1478-ден 1468-ге дейін). Дегенмен, жалпы оң динамикаға қарамастан, Алматы қаласы, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында апаттар деңгейі әлі де жоғары. Сонымен қатар биыл елімізде 5,5 млн-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзуға тосқауыл қойылғаны, 15 мыңға жуық мас күйдегі жүргізуші ұсталғаны, 9 мың адамның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны, 15 мың адамның әкімшілік қамауға алынғаны, 215 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынғаны аталып өтті.
Жолдағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатылып келеді. Өкінішке қарай, статистикалық мәліметтерге қарасақ көлік жүргізу мәдениеті мен тәртіп деңгейі әлі де төмен. Қолданыстағы әкімшілік және қылмыстық заңнама алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлікті жүргізу үшін қатаң жауапкершілікті көздейді. Соған қарамастан, полиция жол бойында мас күйде рөлге отырған және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мыңдаған жүргізушіні ұстайды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруды және 15 тәулік мерзімге қамауға алуды көздейді. Қаладағы орйын алған оқиғаларға назар аудара отырып, қалалық прокуратура бас прокурорының орынбасары Дамир Қазмұратұлы мас күйінде көлік жүргізбеуді ескертеді.
«Мас күйінде қайта жолға шыққан жағдайда 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және көлікті айдауға өмір бойы тыйым салу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген. Соңғы үш жылда қалада 38 адам көлік құралдарын жүргізуге өмір бойы тыйым сала отырып, мас күйінде автокөлікті қайта қолына алғаны үшін қалалық Сотпен бас бостандығынан айырылды. Рудный қаласында статистикасы сәйкес әуесқой жүргізушілер, мас күйінде көлік жүргізу саны көбейді»,- дейді қалалық прокуратурасының бас прокурорының орынбасары Дамир Бейсембаев.
Елімізде 2020 жылдан бері мас күйінде көлік жүргізгендерге жазаның түрі қатайған болатын. Бұл ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен заңға енгізілген жаңа өзгерістер еді. Егер осыған дейін мас күйінде көлікке отырғаны үшін жүргізушілерге айыппұл салынатын немесе 2 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылатын. Қазір олай емес. Енді мас күйінде көлік жүргізу мен апатқа ұшырау ауыр қылмыс қатарына енгізілді. Ал жазасы – бас бостандығынан айыру мен жүргізу куәлігінен өмір бойы айырылу. Көлік құралдарының жүргізушілерін жолда сақ болуға, жол қозғалысы қағидаларын сақтауға және рөлге отырғанда өз өміріңіз үшін ғана емес, өзгеде тұрғындардың өмірі мен денсаулығы үшін де жауапты екеніңізді еске саламыз.
Гүлім Мұрат