Осылайша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидалары көтерме және бөлшек саудада өткізу субъектілері дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларына сәйкес дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау қағидаларын сақтауды қамтамасыз ететіні туралы тармақшамен толықтырылды.
Сондай-ақ, дәріхананың сауда залында, дәріхана пунктінің халыққа қызмет көрсету аймағында витринаға рецепт бойынша босатылуға жататын дәрілік заттарды орналастыруға жол берілмейді.
Жарамсыз рецептілер «Рецепт жарамсыз» деген мөртабанмен жабылады, нөмірленген, тігілген және басшының қолымен және дәріхананың, дәріхана пунктінің, жылжымалы дәріханалық пунктінің мөрімен (болған жағдайда) бекітілген дұрыс жазылмаған рецептілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Денсаулық сақтау министрлігі түсіндіргендей, түзетулердің мақсаты-нормативтік құқықтық актілерді түсінбеуден туындаған әкімшілік бұзушылықтарды болдырмау үшін норманы дұрыс түсінбеу мүмкіндігін болдырмау.