Ірі қара малдың табыны биыл 27 сәуірінде иммундалған
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі Приречное ауылында карантин енгізілді.
26 шілдеде Приречное ауылының «Алтай» серіктестігінде бірнеше ірі қара мал өлген. Сібір жарасына зерттеу үшін патологиялық материал облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілген. Оқиға болған жерге келесі күні ветеринарлар барып тексерген.
Әкімдіктің мәліметінше, серіктестіктегі барлық жануар түрі профилактикалық мақсатта сібір жарасына қарсы уақтылы вакцинацияланғаны анықталды, оның ішінде осы ірі қара малдың табыны биыл 27 сәуірінде иммундалған.
«31 шілдедегі сынақ хаттамасына сәйкес облыстық ветеринариялық зертхана бактериология және ПТР әдісімен ІҚМ-дан сібір жарасына патологиялық материалдың оң нәтижесі бар сараптама актісін берді. Приречное ауылының аумағында, оның ішінде «Алтай» ЖШС карантин белгіленді», – дейді ведомство.
Бүгінгі күні инфекция ошағында оқшаулау және жою іс-шаралары жүріп жатыр.
«27 сәуірінде «Алтай» ЖШС барлық жануар түрі сібір жарасы диагнозын саралау үшін (далалық немесе вакциналанған) ІҚМ патологиялық материалы Астана қаласының ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығына жіберу туралы шешім қабылданды. Зерттеу нәтижелері бойынша барлық қажет шаралар қосымша түзетіледі, – дейді әкімдік.
Сібір жарасына қарсы күрес қағидаларына сәйкес карантин жануарлар өлім-жітімнің соңғы жағдайынан кейін 15 күн өткен соң, сонымен қатар қолайсыз пунктте барлық ветеринариялық іс-шараларды жүргізгеннен кейін алынады.
Кейінгі бес күнде ІҚМ арасында өлім-жітім тіркелмеген, жануарлардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық белгілері бар жануарлар байқалмайды, – дейді облыстық әкімдік.